Түлкібас - инвестицияға тартымды аймаққа айналып келеді

Oinet.kz 19-09-2022 535

Screenshot_54.png

Ағымдағы жылы облыстық тиісті басқарма тарапынан Түлкібас ауданына 19 миллиард 946 миллион теңге инвистиция тарту жоспар бекітілген болса, бүгінгі таңда 7 миллиард 300 миллион теңге инвестиция тартылып отыр. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 116,9 пайызға орындалған. Бұл жайында бүгінгі аудан әкімі Нұрлан Байғұттың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық жиында экономика және қаржы бөлімінің басшысы Т.Есембаева баяндады.

Негізгі индикаторлық көрсеткіштердің орындалуына жауапты дербес бөлім басшылары да күн тәртібіне сай баяндама жасап, алдағы жұмыс жоспарларын қамтып өтті. Сонымен қатар, лездемелік жиында биылғы жылу беру маусымындағы орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары пысықталды.  

Жиынды қорытындылай келе Нұрлан Мархабатұлы тиісті бөлім басшылары мен ауыл әкімдеріне 9-айдың қорытындысымен барлық индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды.

Жылу беру маусымына дейін халыққа улы газдан уланудың алдын алу және өрт қауіпсіздігі шараларын насихаттау бойынша аралау жұмыстарын күшейтуді тиісті мекеме мен ауыл әкімдеріне жүктеді. Түсіндіру жұмыстарына қажетті жадынама парақшалары мен үгіт-насихат құралдарын шығаруға қаржы қарастырылатындығын атап өтті. 

Есептік жиындарда халық тарапынан көтерілген мәселелердің орындалу барысын жылдамдату керектігін ескертті.

Састөбеліктер көтерген мәселелер шешімін табуда
Жиында қаржы игеру мәселесі бақылауға алынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу