Састөбеліктер көтерген мәселелер шешімін табуда
Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұттың Мемлекет басшысының "Әкімдердің халықпен кездесуі туралы" Жарлығы аясында өткен састөбеліктермен ағымдағы жылдың ІІІ тоқсанындағы есептік кездесуінде біршама мәселе көтеріліп, алдағы жұмыс жоспарына енген болатын.
Соның ішінде кезек күттірмейтін, өзекті мәселе болып тұрған кенттің кәріз жүйесі мен сорғы станциясын толық ретке келтіру және «Орталық саябағын» абаттандыру жұмыстары бүгінде іске асуда.
Атап айтсақ, тиісті бөлім тарапынан арнайы мамандарды жұмылдыра отырып кәріз жүйесінің бітелген жерлерін тазалау жұмыстары ағымдағы жылдың 13-14 қыркүйек күндері жүргізіліп, қайта іске қосу жұмыстары атқарылды. Сонымен қатар сорғы станциясын ретке келтіріп, қосу бойыншада тиісті шаралар атқарылуда. Нысанды ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына дейін толық іске қосу жоспарланып отыр.
Састөбе кентіндегі «Орталық саябағын» абаттандыру жұмыстары екі этапқа бөлініп сметалық құжаттары және эскиздық жобалары әзірленіп, абаттандыру жұмыстары басталды. Нысанды пайдалануға беру 2023 жылға көзделіп отыр.