Жиында қаржы игеру мәселесі бақылауға алынды

Oinet.kz 12-09-2022 307

Screenshot_55.png

Бүгін  Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібековтің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Мәжіліс басталмас бұрын Қайнарбұлық ауылдық округінің әкімі Есбол Дүйсебаевтың жаңа қызметін таныстырып, алдағы жұмыстарына сәттілігін тіледі. 

Мәжілісте аудан бюджетінің ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде орындалуы, 2022 жылғы күзгі әскерге шақыру, аудан аумағында жұмыстарының барысы туралы талқыланды. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Айтекееваның баяндамасына сәйкес, бюджеттің орындалуы биылғы жылдың 1 қыркүйегіне аудан бюджетінің кірістер жоспары 2565,3 миллион теңгені құрап, нақты 3202,0 миллион теңге түсім түскен, яғни жоспар 123,4 пайызға  орындалып, 583,0 миллион теңгеге артығымен түсті.

Ағымдағы жылдың 8 айына шығыстар жоспары 24 492,3 миллион теңгені құрап,  нақты  23 987,2 миллион теңге игеріліп, жоспар 97,9 пайызға орындалды,  505,2 миллион теңге қаржы игерілмеген. Сонымен қатар, нысаналы трансферттердің игерілуі, жалақыға қосымша қажеттілік, қоса қаржыландыру, бюджеттік кредитті қайтару, мемлекеттік мүлікті тіркеу бағытында жұмыстар атқарылды. 

 Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Ғ.Балғынбаев ағымдағы жылдың 17 тамыз  - 9 қыркүйек күндері аралығында бекітілген жоспар сәйкес, шақырту бекетіне келуге тиіс 1277 шақырылушыдан, 751 шақырылушы ғана келді, 526 шақырылушы 41 пайызы ешқандай себепсіз келмеді. Атап айтқанда, Жібек жолы, Арыс және Манкент ауылдық округтері тарапынан күзгі әскерге шақырушыларды төмен деңгейде жұмыс жүргізілгені ескертілді. 

Мәжіліс барысында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан аудан аумағындағы барлық ауылдық округтеріндегі санитарлық-тазалық жағдайына зерделеу жұмыстары жүргізілгені баяндалды. Тексеру жұмыстары кезінде өткен лездемелік жиналыста көрсетілген кемшіліктер толық жойылмағандығы анықталды. Сонымен қатар, Ақсукент, Ақбұлақ, Манкент, Арыс және Қайнарбұлақ ауылдық округтері әкімдіктері тарапынан санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізіліп жатқандығы рәсімдеп, алайда жұмыс барысында тек қана әлеуметтік қоғамдық жұмысшылар қызмет атқарып жатқандығы анықталды. Ауылдық округі аумақтарында зерделеу жұмыстарын атқару барысында санитарлық-тазалық бойынша жалпы 54 бей-берекетсіз қоқыстанып жатқан орындарды ретке келтіру қажеттілігі айтылды.  

Мәжіліс соңында аудан әкімі күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тапсырмаларды ауылдық округтерінің әкімдері мен сала басшыларына жүктеді.  Күн тәртібінен бөлек, «AMANAT» Сайрам аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы А.Әбдіқадіров аудан әкімдігінің басшыларына партиялық билеттерін табыстады. 


Түлкібас - инвестицияға тартымды аймаққа айналып келеді
«Ауыл - Ел тірегі» жобасы аясында онкүндік іс-шара басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу