Азаматтар білікті заңгерлерден кеңес алды

Oinet.kz 16-09-2022 344

Screenshot_45.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екенін атап өткен болатын. Оның пікірінше, заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен, жемқорлықтың тамырына балта шабу керек.  Сондай-ақ Президент Twitter парақшасында жемқорлықпен аяусыз күрес жалғасатынына кепілдік беретінін айтқан болатын. "Жаңа Қазақстанның мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру, табыс алшақтығын жою, жұмыс орындарын ашу және инфляцияны тежеу. Біздің барлық күш-жігеріміз миллиондаған қазақстандықтың қауіпсіздігі мен тұрмыс жағдайының сапасын жақсартуды қамтамасыз етуге бағытталған. Біз ұлттық экономиканың ашықтығына, келісім-шарттарға қол сұғылмайтынына, зияткерлік меншік құқығы сақталатынына және жемқорлықпен аяусыз күрес жалғаса беретініне кепілдік береміз", - деп жазды Тоқаев. 

Осы орайда өңірлерде Президенттің тапсырмасы аясында сыбайлас жемқорлықпен күрес шаралары үдіксіз атқарылып келеді. 

Мәселен  «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) бастамасымен өткен жылдардың тәжірибесі бойынша Қазақстан Республикасының барлық қалаларында бір уақытта «Халық заңгері» республикалық науқанын өткізу жоспарланған болатын.

Науқан шеңберінде азаматтар білікті заңгерлер мен тәжірибелі мамандардан, заң консультанттары және адвокаттар палаталарының өкілдерінен тегін құқықтық көмек ала алады. Бұл жоба аясында, тұрғындардың маңызды мәселелерін шешуде құқықтық сауаттылығы деңгейін арттыру мақсатында аталған науқанды көрсетілген мерзімде «Ашық әкімдік» алаңдарында өткізу ұсынылады.

Аталған науқан Сауран ауданы бойынша Ескі Иқан, Жаңа Иқан, Шаға ауылдық округтерінің тұрғындарына Ескі Иқан ауылдық округі, Ескі Иқан елді мекені, Д.Қонаев көшесі №4Б әкімшілік ғимаратында өтті. Ал, Қарашық, Жүйнек ауылдық округтерінің тұрғындарына Жүйнек ауылдық округі, Жүйнек елді мекені, Түркістан көшесі №104 әкімшілік ғимаратында өтті. Иассы, Оранғай ауылдық округтерінің тұрғындары Оранғай ауылдық округінде орналасқан Оранғай ауылдық клубінде өтті.

Аталмыш науқан шеңберінде азаматтар білікті заңгерлер мен тәжірибелі мамандардан, заң консультанттары және адвокаттар палаталарының өкілдерінен тегін құқықтық көмек алды. Бұл жоба аясында, тұрғындардың маңызды мәселелерін шешуде құқықтық сауаттылығы деңгейін арттыру мақсатында «Ашық әкімдік» алаңдары ұйымдастырылды.


Құқықтық сауаттылық жемқорлықтың алдын алады
Гүлшат ерекше кәсіп бастады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу