Құқықтық сауаттылық жемқорлықтың алдын алады

Oinet.kz 16-09-2022 393

Screenshot_44.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ салатын мемлекет» тұжырымдамасын тиісті деңгейде іске асыру шеңберінде атқарылатын іс-шаралар тиісті деңгейде уақтылы және сапалы орындалуы аса жауапкершілікті қажет етеді. Осы орайда Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің бастамасымен  Қазақстан Республикасының барлық қалалары мен аудандарында бір уақытта «Халық заңгері» республикалық науқанын өткізу жоспарланған болатын. Науқанның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға тегін заң көмегін көрсету. Кез-келген азамат келіп, елдің ең үздік заң өкілдерінен тегін қажет кеңес ала алады. Олардың арасында – белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылар, мемлекеттік органдар басшылары мен басқалар.

 Науқан шеңберінде Мақтаарал ауданы Мырзакент кенті, С.Жәштаев көшесі № 96 үй ғимаратында, Мақтаарал ауданы әкімдігінің ашық алаңында және үлкен мәжіліс залында «Халық заңгері» республикалық науқаны ұйымдастырылды.

 Іс шараға БАҚ өкілдері, Түркістан облысы адвокаттар алқасының жеке дара адвокаты Абдразаков Буқарбай Әшірханұлы, Түркістан облысы нотариаттық палатасының жеке дара нотариусы Мауленов Тұрғанбек Мырзабайұлы, Түркістан облысы нотариаттық палатасының жеке дара нотариусы  Гүлмира Крымқызы, Түркістан облысы нотариаттық палатасының жеке дара нотариусы Жолдасов Дінмұхамед Алданиязұлы, Түркістан облысы нотариаттық палатасының жеке дара нотариусы Арыстанов Бердалы Құдайбергенұлы, Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының заң бөлімінің басшысы Мүсірепов Бауыржан Абдіқадырұлының қатысуларында ауылдық округі әкімі аппаратының заңгерлері, ауыл тұрғындарынан қойылған, өзекті мәселелері бойынша ауылшаруашылық жерлерінен туындайтын ортақ үлескерлерді рәсімдеудегі заң шеңберіндегі әуре саңға салынбауға бағыт бағдар беріп, ауылшаруашылық мақсатындағы жер учаскелеріне қатысты мұрагерлікпен рәсімдеудің жалпы маңызы бар алаңдатқан мәселелеріне кеңінен құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Азаматтардың құқықтық мәдениетін жетілдіру сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізгі құралдарының бірі болып табылады.


Мақталыда 13 көшеге асфальт төселеді
Азаматтар білікті заңгерлерден кеңес алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу