Мақталыда 13 көшеге асфальт төселеді

Oinet.kz 16-09-2022 345

Screenshot_43.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында және билік пен бұқара арасындағы байланыстың ашықтығын нығайту мақсатында Жетісай ауданының әкімінің міндетін уақытша атқарушы Асан Маханбетов бекітілген кестеге сәйкес Мақталы  ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Ашық аспан астында №62 «Кенесары хан» атындағы жалпы орта мектебі ғимаратында өткен жиынға "Amanat" партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Әділхан Асауов пен дербес бөлім басшылары, тиісті сала мамандары мен округ тұрғындары қатысты.

Басқосуда ауылдық округті сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, ішкі көшелерді орта жөндеуден өткізу, ескірген электр бағаналарын жаңарту бағыттары бойынша жұмыстарды күшейту, өмір сүру сапасын жақсартуға айрықша көңіл бөлу, округтің инфрақұрылымын дамыту мәселелері кеңінен сөз болды. Атқарылған жұмыстар сараланып, өзекті мәселелердің шешу жолдары ұсынылды. Бұған дейінгі кездесулерде айтылған мәселелердің орындалу барысы таныстырылды.

Өткен кездесуде көтерілген мәселелер бойынша Жайлаукөл елді мекенін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, су беруші «Жетісай су» МКК-нің тарапынан 1 дана «Омега» су тазартқыш қондырғысын орнатылды. Сондай-ақ, Мақталы ауылдық округіне қарасты елді мекендерінің жәшіктеріне және ауыз су құбырларына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жергіліктті бюджеттен 30,4 миллион теңге қаржы қарастырылып, су беруші «Жетісай су» МКК-нің тарапынан ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Егемен көшесі ағымдағы жылдың соңына дейін толық ауыз сумен қамтылатын болады.     

Аграрлы аймақ үшін жеңілдетілген минералды тыңайтқыш пен ағын су мәселесінің оң шешім табуы өте маңызды. Мемлекеттен бөлінетін жеңілдетілген минералды тыңайтқыштарды алу «Qoldau.kz» электронды платформасында өтінім тапсыру арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі таңда «ҚазАзот» АҚ тарапынан өтінім тапсырған шаруаларға аммиак селитрасын босату жұмыстары жүргізілуде. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері аммиак селитрасына өтінім тапсырып облыстық басқарма мен «Казазот» АҚ тарапынан мақұлданған жағдайда, «Казазот» АҚ тарапынан селитра шаруаларға босатылатын болады.

Мақталы ауылдық округі бойынша жалпы ұзындығы 61,5 шақырымды құрайтын 73 ішкі көше орналасқан. Елді мекендер бойынша қанағат-танарлықсыз жағдайдағы ішкі көшелерге кезең-кезеңімен орташа және ағымдағы (тас төсеу) жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 2022 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Мақталы ауылдық округіне қарасты Мақталы және Жетісу елді мекендеріндегі жалпы ұзындығы 11,07 шақырымды құрайтын 13 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Қазіргі таңда 3 көше толығымен асфальттанды, ал қалған көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жергілікті бюджет есебінен Алтынсарин елді мекенінде ұзындығы 500 метрді  құрайтын Жоба-2 көшесіне ағымдағы (тас төсеу) жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар,  жалпы ұзындығы 1,8 шақырымды құрайтын Алмалы, Дархан, Алтынсарин елді мекендеріндегі 3 көшеге ағымдағы (тас төсеу) жөндеу үшін сметалық құжаттамалары жасалынып, қажетті қаржы көлемі анықталған. Бюджет мүмкіндігіне қарай, бюджеттік комиссияның кезекті отырысына ұсынылатын болады. 

Шолпанқұдық елді мекенін электр энергиясымен қамтамасыз ететін 0,4 кВ әуе желілері бағаналарымен қоса 2,4 шақырым «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-гі мекемесінің инвестициялық жобасы аясында 2025 жылы толықтай жаңартылады. Алтынсарин елді мекенін электр энергиясымен қамтамасыз ететін 0,4 кВ әуе желілері бағаналарымен қоса 3,0 шақырым «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-гі мекемесінің инвестициялық жобасы аясында  2026 жылы толықтай жаңартылады

Ашық жүздесуде тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, аудан басшысының міндетін атқарушы Асан Жақыпбекұлы тұрғындар тарапынан айтылған өтініштер бойынша сала мамандары мен бөлім басшыларына тиісті жұмыстар жүргізу керектігі жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Жылғада жүйелі жұмыстар атқарылуда
Құқықтық сауаттылық жемқорлықтың алдын алады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу