Жылғада жүйелі жұмыстар атқарылуда

Oinet.kz 15-09-2022 236

Screenshot_42.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Әкімдердің халықпен кездесу өткізуі туралы" Жарлығында:  "Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін, олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндіруі тиіс.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері жарты жылда бір рет облыс әкімінің әр ауданда және облыстық маңызы бар әр қалада кемінде бір көшпелі кездесуін өткізуі керек"- деп нақты тапсырмалар жүктеген болатын.

Осы ретте Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев Жарлыққа сәйкес Жылға ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады. Алдымен аудан басшысы алдыңғы кездесуде тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлердің орындалуы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде тоқталып, содан кейін алдағы жоспарларымен бөлісті.

Жиын барысында тұрғындардың басым бөлігі жарықтандыру, таза ауыз су және табиғи газбен қамтамасыз ету, жол белгілерін орнату, интернет желісімен қамтамасыз ету, жаңа мектеп салу, оқушылар тасымалы, электр желісін орнату, жайылым жер мәселесі туралы өтініштері мен пікірлерін айтты.

Өз кезегінде аудан басшысы Қарақалпақ елді мекенінде фельдшерлік амбулатория салу үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, құрылыс жұмыстарына республикалық бюджеттен қаржы бөлінген. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде, жеңімпаз мекеме анықталғаннан соң құрылыс жұмыстары басталатынын жеткізді.

Айта кетсек, Жылға, Нұрауыл, №3 Ферма, Шеңгелді, Қарақалпақ, Шайхана елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету құрылыс жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасының мерзімі аяқталуына байланысты, бүгінгі таңда жобаға қайта түзету жұмыстары жүргізілуде. Жоба сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін құрылыс жұмыстарына қаржы бөлдіру үшін облыстық салалық басқармаға ұсынылатын болады.

Сонымен қатар, Жылға ауылдық округінде 1233 га жер ауылшаруашылығы алқабының жайылым түріне ауыстырылып, ортақ жайылымға берілді. Сондай-ақ, аталған ауылдық округ аумағындағы 19385 га жерге жер пайдаланушылармен егістік жерлер егіннен босағаннан кейін ауыл тұрғындарының малдарын жаюға меморандум жасалынды. Аталған жұмыстардың нәтижесінде жыл соңына дейін тұрғындардың мәселесі шешіліп, ортақ жайылым жерлердің көлемі ұлғайды.

Айта кетейік, М.Отаршиев Жылға ауылдық округіне іс-сапары барысында  жаңадан салынып жатқан 100 орындық  мектептің құрылысымен танысты.  Тұрғындар санының күннен-күнге артуына байланысты, елді мекенде жаңа білім ошағын салу қажеттілік деп танылып, оның қазығы былтырғы жылдың тамыз айында қағылған. Бүгінгі таңда мектептің құрылыс жұмыстарын «Строительная компания Шах» ЖШС-і жүргізуде. Жаңа білім ғимаратының жалпы аумағы 80 соттықты құрайды. Жоспарға сәйкес, аталған білім мекемесінің нысанын тапсыру мерзімі ағымдағы жылдың қазан айы. 

Аталған ғимарат балалардың болашағы үшін бой көтеріліп жатқан білім ордасы болғандықтан бірінші кезекте сапалы болуы қажет. Сол үшін мердігер мекеме жұмысшы күшін көбейтіп, нысанды сапалы және мерзімінде аяқтап, пайдалануға беру керек» - деді аудан басшысы Мұхит Баймұханбетұлы.

Айта кетсек бүгінгі таңда аудан бойынша 7 мектептің құрылысы жүргізілуде.  Оның ішінде 3 мектеп ағымдағы жылы пайдалануға берілсе қалған 4 мектептің құрылысы  келесі жылы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға беру жоспарлануда.

Сонымен қатар аудан әкімі  Жылға ауылдық округіндегі аз қамтылған көп балалы отбасылардың үйіне арнайы барып, жағдайларымен танысты. Әрбір отбасына демеушілер есебінен азық-түлік себеттері табысталды. Аудан басшысы аз қамтылған жанұялардың талап-тілегін тыңдай келе, алдағы уақытта да ауылдық округ әкімдігі және демеушілер арқылы тұрмысқа қажетті заттар мен әлеуметтік көмектер көрсетілетінін жеткізді.

Айта кетсек, бүгінгі таңда ауданның барлық ауылдық қала, кент және ауылдық округтерінде көмекке мұқтаж жандар анықталып, оларға әлеуметтік көмектер көрсетілуде. Ағымдағы жылы аудан бойынша «Қамқорлық» жобасы аясында 130 отбасыға әр түрлі әлеуметтік көмек көрсетілді. Аз қамтылған отбасыларға жан-жақты қамқорлық көрсету арқылы кедейшілік шегінен шығару шаралары жүйелі түрде іске асуда. Бұл шараларға жомарт жандар да атсалысып, олардың қатары күн санап артып келеді.


Жұмыссыздықпен күрес – ел дамуына үлес
Мақталыда 13 көшеге асфальт төселеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу