«Халық заңгері» науқаны өтті

Oinet.kz 16-09-2022 398

Screenshot_40.png

"Жыл сайын Қазақстанда орташа есеппен 2 мыңнан астам сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс тіркеледі. Мыңнан аса адам жауапқа тартылады. Бұл – батпандап кіріп, мысқалдап шығатын кесел. Осы ауруды қазір шұғыл түрде емдемесек, ертең кеш болуы мүмкін". Бұл Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде кеңес отырысында айтқан сөзі. Мемлекет басшысы  жемқорлықтың ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттің болашағына нұқсан келтіретінін айтты. Сондықтан, оның тамырына балта шауып, түбегейлі жою қажет. Бұл дертпен бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, бірлесіп күресуге шақырған болатын. Президенттің тапсырмасы аясында өңірлерде сыбайластықпен күрес күшейіп, түрлі шаралар атқарылуда. Сондай науқанның бірі жақында Арыста өткен болатын. 

Нақтырақ айтқанда Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен Арыс ауданы әкімдігі жанындағы «Халықтық кеңсе» ғимаратында «Халық заңгері» жалпы республикалық науқаны өтті. 

Халықтың құқықтық сауаттылығы мен мәдениетін көтеру мақсатында ұйымдастырылған шарада тұрғындардың түйіткілді мәселелеріне байланысты тегін кеңестер берілді. 

Аталған іс-шараға заңгерлер, кәсіби адвокаттар мен нотариустар, сот орындаушылары, медиаторлар,  тергеушілер, әділет органдарының қызметкерлері, көші-қон полициясы, жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімінің өкілдері, мемлекеттік органдардың қызметшілері, оның ішінде ауыл шаруашылығы, жер салалары бойынша білікті де тәжірибелі мамандар қатысты. 

Акция барысында тұрғындардың басым көпшілігі жер мәселесі бойынша, қалғандары әр түрлі салалар бойынша білікті мамандардан полиция қызметкерлері, адвокат, заңгер, сот орындаушылар, медиатор, ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік, тұрғын үй, жер кадастр салалары бойынша кеңестер алды.

Әр басшы тұрғынмен тығыз әрі кері байланыста жұмыс жасауы қажет
Жұмыссыздықпен күрес – ел дамуына үлес
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу