Әр басшы тұрғынмен тығыз әрі кері байланыста жұмыс жасауы қажет
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен кезекті апталық жиын өтті. Жиналысқа қала әкімінің орынбасарлары, бөлім және мекеме басшылары, ауыл әкімдері қатысты.
Лездемелік жиналыста қала аумағындағы кәсіпкерлік нысандардың қасбеттерін реттеу, 2022-2023 жылдар аралығындағы жаңа жылу маусымына дайындық барысы, қалалық ветеринарлы саланың атқарған жұмыстары мен 109 және қала әкімдігінің әлеуметтік желілеріне келіп түскен сын-пікірлерге мониторинг жұмыстары жайында мәселелер қаралды. Сондай-ақ, қала аумағындағы санитарлы тазалық жұмыстары мен хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы талқыланды.
Кентау қаласы бойынша орталық көшелерде орналасқан коммерциялық нысандардың қасбеттерін ретке келтіру мақсатында, қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан Кентау қаласының негізгі көшелеріне мониторинг жұмыстары жүргізіліп 36 нысанда кемшіліктер анықталғандығын баяндалды. Атап айтқанда, А.Құнанбаев даңғылы және Әл-Фараби көшесі, Ш.Уалиханов және Б.Момышұлы көшелері, И.Панфилов, С.Сейфуллин, Төле би көшелері және Яссауи даңғылы бойында орналасқан нысандардын сыртқы келбетін ретке келтіру қажеттігі айтылды.
2022-2023 жылдары жылу беру маусымына дайындық мақсатында ағымдағы жылдың сәуір айында Кентау қаласындағы 342 көпқабатты тұрғын үйдің 325-нің жылу жүйелеріне қысыммен жуып-шаю жұмыстары жүргізілген. 13 тұрғын үй қысыммен жуып – шаю жұмыстарын жүргізуден бас тартқандығы айтылды.
Станцияның негізгі қондырғыларын жөндеуге облыстық бюджеттен қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қала басшысы 1-ші жетоқсанға дейін дебиторлық қарызды өндіру қажеттігін тапсырды. Дебиторлық қарыздарды өндіру мақсатында сотқа – 110 талап арыз өткізілген. Барлық сотқа дайындалған талап арыздың соммасы – 18 984 367 млн.теңге. Яғни жылуды пайдаланған тұрғындар осындай қаржыны әлі күнге төлемей, салғырт қарауда. Олардың арасында кәсіпкерлік нысандарда бар.
Қалалық ветеринария салысының атқарған жұмысы жайында баяндаған сала басшысы қала әкімінің сынына ұшырады. Себебі, қала тұрғындары тарапынан қалада қараусыз жүрген ит-мысықтарі жайында шағымдар көбейген. Бұл бойынша атқарған жұмыстарын нақты бақылауды аппарат қызметкерлеріне тапсырды. Баяндамадағы көрсеткіштер күмән келтіреді деген қала басшысы, өз салалары бойынша атқарылатын жұмыстарға қағаз жүзінде емес, іс жүзінде атқаруды талап етті.
Тұрғындар тарапынан түскен арыз-шағымдар мен әлеуметтік желі арқылы келген пікірлер бойынша бөлімдер мен ауыл әкімдерінің рейтингісі көрсетілді. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы бойынша 2021 жылдың 20 – шы шілдесінен бастап «Бірыңғай байланыс орталығы» құрылып, қала тұрғындарынан өтініштер қабылдауда.
Бүгінгі таңда орталыққа 10 610 – ға жуық өтініш келіп тіркелді, оның ішінде 9 277 өтініш оң шешімін тауып уақытылы орындалып,69 өтініш жұмыс үстінде,68 өтініштің мерзімі бұзылған. Әлеуметтік желі арқылы жүргізілген мониторинг барысында бірқатар бөлім басшылары мен ауыл әкімдерінің тұрғындармен кері байланысы жоқтығы баяндалды. Бұл тұрғыда қала басшысы әр басшы тұрғынмен тығыз, әрі кері байланыста болуы қажеттігін ескертті. Әр апиталық жиында бұл бойынша сұралатынын, байланыс орнамаған жағдайда сол басшыға шара көрілетінін ескертті.
ҚР Президентінің әрбір Жолдауында аталған халықпен ашықтық орнату, халық үніне құлақ асу тұжырымдамасын негізге алған Жандос Қамұрзаұлы атқарылған жұмыстар осы бағытта бағаланатынын атап өтті. Қаланың тазалығы мен абаттандыру барысындағы жұмыстар мен хаттамалық тапсырмалардың орындалуы баяндалды. Орын алған кемшіліктерді атаған қала басшысы бірқатар сала басшыларына тапсырмалар беріп, орындалуы бойынша бақылауды аппарат қызметкерлеріне тапсырды. Уақытында орындалмаған жұмыс бойынша қатаң шара көрілетінін ескертті.