Тұрғындар өтініштерін әкімге тікелей жеткізді

Oinet.kz 16-09-2022 357

Screenshot_38.png

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов Мемлекет басшысының "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы шеңберінде қала тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдады. Қабылдауда болған азаматтар қала басшысына тұрғын үй, жер, ойын алаңшасы және құрылысқа қатысты мәселелерін жеткізді.

Мәселен, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына ойын алаңшасының қажеттілігі айтылды көтерілді. Қаржы мәселесіне байланысты аталмыш жұмыстар келесі жылға қалдырылғанын түсіндірді. Жалпы қаладағы 33 аулаға ойын алаңшасын орнату жоспарланған. Онымен қоса тұрғын үйлердің аулаларының жолдары жөнделіп, көлік тұрақтары жасалтынын айта өтті. 

Қабылдауда қаланы абаттандыру бойынша ұсыныстарымен келген тұрғынның өтінішін қабылдап, бұл бойынша тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді. Тұрғын үй салуға жер сұраған қала тұрғынына Жер беру туралы заңына енгізіліген өзгертулерге байланысты, инфрақұрылым жұмыстары жүргізілген кезде ғана кезекпен жер берілетінін түсіндірді. 

Сонымен қатар, қабылдау барысында қала әкімі тыңдалған әр мәселенің түйінін тарқатып, көтерілген мәселеге байланысты жауапты сала басшыларына тиісті шараларды дер кезінде қабылдауды тапсырды.

Сондай-ақ айта кетейік, шаһар басшысы Жандос Тасов әр сенбіде қаланың әр аймағын аралауды бастаған. Аралау барысында қаланың абаттандыру және көгалдандыру жағында бірқатар кемшіліктерді анықтап, тиіста сала басшыларына тапсырмалар берілген.  

 Апта ішінде қалыпқа келтіріп, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауды атаған болатын. Бүгінде аталған кемшіліктер дер кезінде назарға алынып, реттеу жұмыстары атқарылуда. Қаладағы Д.Қонаев, С.Сейфуллин даңғылдары бойындағы аллеяларда қираған орындықтар қалыпқа келтіріліп әрлеу шаралары жасалуда.  Сынған жарық шамдар толықтырылды. Ретсіз шашылған қоқыстар алынып, жүрер жол бойындағы ескірген плиткалар жаңартылуда. Мұндай жұмыстар қаланың барлық аймағында жалғасын табады.

Кедергісіз орта қалыптастыру маңызды бағыттардың бірі
Әр басшы тұрғынмен тығыз әрі кері байланыста жұмыс жасауы қажет
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу