Кедергісіз орта қалыптастыру маңызды бағыттардың бірі
Мемлекеттің озықтығы оның әр азаматына деген қамқорлығынан көрінеді. Мүгедектігі бар адамдар да кез келген адам сияқты оқуды, жұмыс істеуді, көшеде, ғимарат ішінде еркін жүріп-тұруды, саяхаттауды және өмірден ләззат алуды қалайды. Алайда тіршілік ортасында бұған қолайлы жағдай жасалмауы мүмкін. Мемлекеттің міндеті, бизнестің парызы кемтар кісінің алдынан тұратын кедергіні барынша жойып, олардың мейлінше толыққанды өмір сүруіне жол ашу болса керек. Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптастыруда Мемлекет басшысы да Жолдауларында айтып келеді. Бұл бағытта елімізде тың шаралар, ізгі істер атқарылып келеді. Айталық «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасына енгізілген «Кедергісіз келешек» атты партиялық жобасы.
Жақында Түркістан облысында 2022 жылдың шілде-тамыз айларында 250-ден астам бейімдеуден өткен әлеуметтік нысанға мониторинг жүргізілді. Талдау нәтижесінде 75 нысанға орнатылған пандустардың кемшіліктері толығымен жойылып, талапқа сай емес 180 ғимарат иелеріне ескертулер берілді.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта қалыптастыру және тең дәрежеде өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыстар «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасына енгізіліп, «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында жүзеге асырылуда.
Осыған орай , «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалдары жанынан құрылған жұмысшы топтар мониторингті жалғастыруда. Олардың құрамына партия өкілдері, депутаттар, жауапты салалық бөлім басшылары мен мамандары, БАҚ өкілдері және жастар енген.
Мәселен, Сауран ауданында жыл соңына дейін 25 нысанға сараптама жүргізу жоспарланған. Бүгінде арнайы топ өкілдері оның 11-ін аралап, бекітілген стандартқа сай келмейтін пандустарды анықтады. Мекеме басшыларына нормативтік талаптар бойынша анықталған кемшіліктер мен олқылықтардың орнын толтыру жөнінде ескертпелер берілді. Кезекті зерделеу жұмыстары Үшқайық, Қарашық, Шаға және Ескі Иқан ауылдарында өткізіліп, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігіне бақылаулар жүргізілді.
Ал, партияның Түлкібас аудандық филиалында әлеуметтік салаға жауапты мамандарының қатысуымен онлайн-офлайн форматта қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Жетекші партиядан қолдау сұрай келген мүмкіндігі шектеулі азаматтардың басым бөлігі ем қабылдау шараларына қатысты өтініштерін білдірді.
Сала мамандары мұқият тыңдай келе, мәселенің шешілуіне дейін атсалысатындарын жеткізді. Партия филиалының Атқарушы хатшысы Қ.Еркебаев тұрғындардың талап-тілектері партия филиалының қадағалауында болатынын мәлімдеді. Атап өтерлік, артияның Түлкібас аудандық филиалы жанынан құрылған мониторингтік топ аудан бойынша бейімдеуден өткен 15 нысанды аралап, анықталған кемшіліктер бойынша жұмыстар жүргізуде.
Кентау қалалық мәслихат хатшысы Т.Балабиевтің жеке қабылдау өткізіп, инклюзив бағытына байланысты өтініштер келіп түсті. Солардың бірі "Қамқор-сыбаға" мүгедектер қоғамдық ұйымының төрағасы Д.Жүсіпов және ұйым мүшелері бірқатар мәселені көтерді. Атап айтқанда мүгедектікті анықтайтын құжатамма алудағы кедергілері, оңалту орталықтарында ем қабылдай алмау, орталық ауруханада көз дәрігерінің тапшылығы, магнитті-резонансты томографияға түсуге қаржы жетіспеушілігі, әлеуметтік таксимен қамтылмау жөнінде шағымдар назарға алынды.
Сондай-ақ "Тең" қоғам мүгедектер ұйымының ғимаратын жалға алу мәселесі де қозғалып, өтініші талқыланып нақты жауабы қабылдау сәтінде берілді. 2023 жылы заң талаптарына сәйкес қаржы қарастыру барысында назарға алынады. Қабылдауға келген І топтағы мүмкіндігі шектеулі тұрғын Б.Үмбетоваға әлеуметтік жағдайын ескере отырып, мәслихат хатшысы бір реттік қаржылай көмек көрсетті.