Бәріміз үшін ел бірлігі құнды

Oinet.kz 14-09-2022 272

Screenshot_32.png

Бүгін "Байылдыр" бастауыш партия ұйымында   «AMANAT»  партиясы Кентау қалалық филиалының Атқарушы хатшысы А.Басаровтың, ауыл әкімі Ә.Қалдыбековтың,  "Байылдыр" бастауыш партия ұйымы мүшелерінің қатысуымен   Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ағымдағы жылдың 1 қыркүйегі күні Қазақстан халқына жолдаған «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ: БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Жолдауын талқылау,  халық арасында насихаттау, одан туындайтын міндеттерді ауыл  көлемінде партия тарапынан қолдау білдіру мақсатында жиналыс өткізілді.       

Жиналыс барысында "Байылдыр" бастауыш партия үйымының  төрағасы Ұлбала Мұсаханова Жолдаудың бағыттарына тоқталды. "Дамыған отыз елдің қатарына қосылуды мақсат тұтқан Қазақстан 30 жылда биік белестерді бағындырып, бірліктің арқасында бірегей жетістіктерге жетті. Алдымен ел тұрмысына елеулі көңіл бөлген мемлекеттік саясат ендігі кезекте жеткен жетістіктерімізді еселеуді көздеп отыр. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында ұлт болып ұйысуымыздың өте маңызды екенін алға тартты. Өйткені біздің жеткен жетістіктеріміздің негізі халқымыздың ынтымағында. Бәріміз үшін бағалы да, құнды да, маңызды да ел бірлігі. Одан артық ештеңе жоқ. Санамыздың ізімізден озып жүруі, ұлттық рухымыздың бойымызда мәңгі қалуы – ұлт болып ұйысып, жұрт болып жұмылудың бірегей жолы. Бұл бағдар әрбірімізге үлкен жауапкершілік жүктейді деп сенемін",- деді Ұлбала Мұсаханова.

Жиында сондай-ақ партия мүшелері  маңызды міндеттер, түйінді тапсырмалары тізбектелген   Президент Жолдауын толығымен қолдайтындығын және оны жүзеге асыруға партия мүшелерінің жүйелі түрде жұмыс атқаратынын жеткізді. 

Қоғамдық келісім кеңесінде келелі мәселелер айтылды
Кентау қаласының қауіпсіздігі күшейіп, тәртібі түзеліп келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу