Қоғамдық келісім кеңесінде келелі мәселелер айтылды
Кентау қалалық ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің ағымдағы жылғы ІІІ тоқсандық отырысы өтті. Жиынды Кентау қалалық ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Бақберген Қанат Жарылқасынұлы ашып жүргізіп отырды.
Кентау қалалық ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің 2022 жылғы ІІ-тоқсандық отырысында ұсынылған мәселелерге сәйкес, жастар мен жасөспірімдер бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында аула аралық командалық топтар арасында спорттық ойындар жарысын ұйымдастырып өткізілген жұмыстары туралы Кентау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қ.Мұсабаев, Мемлекеттік бағдарламалар (Халықты жұмыспен қамту, жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында «Еңбек бизнес» жобасы т.б) туралы Кентау қалалық «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-і басшысының орынбасары Ж.Қайдауылов баяндама жасады.
Кеңес мүшелерінің ұсыныстары негізінде Кентау қалалық ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің келесі кезекті отырысында Қарнақ ауылы әкімдігі, Кентау қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімі «Қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты насихаттау және іске асыру» бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы есебін тыңдау назарға алынды. Жиын соңында сұрақ-жауаптарға кезектер беріліп тиісті деңгейде пікір алмасып тарқасты.