Жолдау - басты бағдарымыз

Oinet.kz 13-09-2022 241

Screenshot_30.png

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Жолдауын қолдау және насихаттау бойынша қалалық партия филиалының Хантағы бастауыш партия ұйымының   жиыны өтті.

Партия жиынына  партияның қалалық филиалының Атқарушы хатшысы А.Басаров,   бастауыш партия ұйымының  мүшелері  қатысты.

Жиынды бастауыш партия ұйымының төрағасы Д.Серікбаев   ашып, жүргізіп отырды. Жиын барысында  партия мүшесі М.Әсембек бірқатар әлеуметтік-экономикалық шараларды қамтыған айрықша Жолдаудың мәні мен маңыздылығы жөнінде баяндама жасап, оның басты басымдықтарымен таныстырып өтті.

Бастауыш партия ұйымының жиналысында  партияның белсенді мүшесі Е.Тайжанов жарыс сөзге  шығып, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жолдауына пікірлерін білдіріп, Жолдаудағы жаңа бастамаларға қолдау білдірді. "Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында ұлт болып ұйысуымыздың өте маңызды екенін алға тартты. Өйткені біздің жеткен жетістіктеріміздің негізі халқымыздың ынтымағында. Бәріміз үшін бағалы да, құнды да, маңызды да ел бірлігі. Одан артық ештеңе жоқ. Санамыздың ізімізден озып жүруі, ұлттық рухымыздың бойымызда мәңгі қалуы – ұлт болып ұйысып, жұрт болып жұмылудың бірегей жолы. Бұл бағдар әрбірімізге үлкен жауапкершілік жүктейді деп сенемін" деді ол.

Жиынды қалалық партия филиалының Атқарушы хатшысы А.Басаров қорытындылап, Жолдауда айтылған маңызды мәселелерге тоқталып, бастауыш партия ұйымына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Ащысайлықтар Жолдауды қолдауда
Қоғамдық келісім кеңесінде келелі мәселелер айтылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу