Ащысайлықтар Жолдауды қолдауда

Oinet.kz 12-09-2022 233

Screenshot_29.png

Кентау қаласы Ащысай ауылында  Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Жолдауын насихаттау мақсатында кездесу өткізілді. Жолдауды насихаттауға  «AMANAT» партиясы "Ащысай" бастауыш партия ұйымының төрайымы  А.Жаманқараева жүргізіп отырды.   Жиынға  «AMANAT»  партиясы Кентау қалалық филиалының атқарушы хатшысы  А.Басаров, ащысай ауылының әкімі Ғ.Андосов  және бастауыш партия ұйымының мүшелері,  қатысты.

Жолдауды насихаттау үшін  партия мүшесі М. Қалдыбаев баяндама жасаса, бастауыш партия ұйымының төрайымы  А.Жаманқараева,  Президент жолдауындағы  жүзеге асуға тиіс бес бағыт туралы мағыналы түсіндірмелерін  түсіндіре отырып,  Қазақстан халқы үшін  жасалынып жатқан мүмкіндіктерді тиімді пайдалана отырып, еліміздің өркендеуіне қатысушыларды өз үлестерін қосуға шақырды.  "ҚР Президенті Қ.Тоқаев еліміз жыл сайын үлкен үмітпен күтетін Қазақстан халқына Жолдауы жариялады. Президент еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді. Жолдаудан әрбір адамның көкейінде жүрген мәселелерді қамти отырып, мемлекеттің дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынын сезіндік. Ел дамуындағы барлық маңызды деген мәселелерді атап айтып, шешу жолдарын ұсына келе, ел Президенті өз жолдауында ең төменгі айлықтың 60 мың теңгеге өсетінін хабарлап, азық-түлік бағасын ерекше қадағалауды тапсырды. Бұл халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға жасалған маңызды қадамдардың бірі деп ойлаймын. Дені сау, Білімді ұрпақ - мемлекеттің қазынасы мен жарқын келешегінің кепілі. Сондықтан да бұқаралық спорт пен ғылымды дамыту туралы ойлары да халықтың көңілінен шығатынына сенімдімін. Сонымен қатар Президентіміз Ел азаматтарын отанымыздың алдында адал қызмет етуге, абыройлы іс жасауға, тоғышарлықтан арылып, ерінбей еңбек етуге шақырды. Мемлекетіміздің Абыройы арта берсін!",- деді өз сөзінде А.Жаманқараева. Жиынға қатысушылар Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған  Жолдауынан өзге же деректер келтіріп, міндеттерді айқындады.

Аппараттық жиында маңызды мәселелер қаралды
Жолдау - басты бағдарымыз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу