Аппараттық жиында маңызды мәселелер қаралды

Oinet.kz 12-09-2022 281

Screenshot_28.png

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиналыс өтті. Жиналысқа қала әкімдігіне қарасты дербес бөлім басшылары, ауыл әкімжері және мекеме басшылылары қатысты. Күн тәртібінде алты мәселе қаралды.

Бірінші мәселеде қала аумағында атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарының кемшіліктері жайында қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Орынбек Тындыбаев баяндады. Апталық отырыстың екінші мәселесінде космостық түсірілімдер бойынша Кентау қаласы аумағында анықталған заңсыз, бей-берекет стихиялық қалдықтардың 15 нүкте координаттары тазаландығы жөнінде ТҮКШ және Тұрғын үй инспекциясы, автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Талғат Қасымбеков баяндама жасады. 

Сонымен қатар 3 нүкте координаттары Қарнақ ауылының ҚТҚ полигонында орналасқан, 3 нүкте коррдинтаттары жеке меншік жер телімінде орналасқан. 3 нүкте коррдинаттары Қарнақ ауылы әкімшілігі тарапынан тазаланауда. Кентау қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан қала әкімінің тапсырмасына сәйкес пайдаланылмай жатқан бос жерлерге 10 еселенген салық салу жұмыстарын жүргізу тобының құрамы бекітілген. 

Бұйрыққа сәйкес қаладағы көпқабатты тұрғын-үйлер ауласындағы пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау мақсатында бөлім қызметкерлерінен 6 топ құрылып,  қаланың орталық аумағы 4 секторға бөлінді. Бөлінген аумақтағы жалпы саны 40 жер телімінің ішінде  30 465,0 шаршы метрді құрайтын 24 жер телімі нысаналы мақсаттарына сәйкес пайдаланылмай, бос жатқаны анықталды. 24 жер телімінің нысаналы мақсаттары бойынша: 2 жер телімі жеке тұрғын үй құрылысы үшін, 3 жер телімі көгалдандыру мақсатында, 1 жер телімі бау-бақша егу мақсатында және қалған  18 жер телімі кәсіпкерлік мақсаттағы құрылыс үшін берілген жер телімдері.  

 Бұл бойынша жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Асқар Баубек баяндамасында мәлімдеді.Қала әкімдігіне келіп түскен арыз –өтініштердің орындалуы бойынша қала әкімдігі аппаратының құжаттандыру бөлімінің басшысы Айсұлу Сейітметова баяндап өтті. Қала әкімінің қаланы аралау барысында сала басшыларына берілген тапсырмалардың орындалуы бойынша ұйымдастыру және мониторинг бөлімінің басшысы Ә.Елеусізов сараптама жасады.                                                        Баяндамашыларды тыңдаған қала басшысы бірқатар кемшіліктерді атап өтті. Ол бойынша сала басшыларын қатаң сынға алып, берілген тапсырмалар уақытында орындалмаған жағдайда шара көретінін ескертті.

Жәрмеңкеде 127 адам тұрақты жұмыс тапты
Ащысайлықтар Жолдауды қолдауда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу