Жәрмеңкеде 127 адам тұрақты жұмыс тапты

Oinet.kz 16-09-2022 428

Screenshot_27.png

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастар арасындағы жұмыссыздықты жою, алдағы 5 жылда Қазақстанда беделді деген халықаралық 5 ЖОО филиалын ашу, халық тығыз орналасқан өңірлердің жастарына гранттар бөлу, әскери борышын өтеуге ынталандыру, «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны» жобаларына қатысу мерзімін ұзарту, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында тиісті грантты 400 АЕК-ке дейін ұлғайту бойынша Үкіметке бірқатар тапсырмалар берген болатын. Бұл елімізде жұмыссыздықпен күрестің құралы әрі жастарға берілген үлкен мүмкіндік екенін естен шығармаған жөн. 

Осы ретте бүгін облыс орталығында кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.  Бұл жұмыссыздар санын азайту үшін өткен үшінші жәрмеңке. Жәрмеңкеге екі жүз елуден аса тұрғын келді. Онда 333 мекемеден 941 бос жұмыс орны ұсынылды. Олардың 352-сі - 35 мекеменің қоғамдық негізде, 189-ы - 106 мекеменің тұрақты негізде, қалғаны жеке кәсіпкерлердің сұранысы бойынша жасалды.

Жәрмеңкеде алғы сөз сөйлеген қала әкімінің орынбасары Талғат Байжанұлы жұмыссыз тұрғындар үшін жасалған таптырмас мүмкіндіктен игі нәтижелерін шығатынын айтты. Сонымен қатар, қалалық Жұмыспен қамту орталығының директоры Ақмарал Пернебекқызы мұндай шаралардың әлі де жалғаса беретінін жеткізді.

Жәрмеңкеге екі жүз елуден аса  жұмыссыз азамат келді. Шара қорытындысымен 165 тұрғынға жұмыспен қамту шаралары көрсетілді.

 Атап айтқанда: 127 азамат тұрақты бос жұмыс орындарына жолдама алса,  жастар санатындағы 23 түлек жастар практикасына, 15 азамат қоғамдық жұмыс орындарымен қамтылды. Сонымен қатар, жәрмеңкеге қатысқандардың барлығына ақпараттық-түсіндіру  жұмыстары жүргізілді.

Түркістан қауіпсіз қалаға айналып келеді
Аппараттық жиында маңызды мәселелер қаралды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу