Шардаралық қауындар шетел асуда
Жер жыртып, егін еккен дихандардың биыл шаруасы шалқып тұр. Ерте көктемнен қам жасаған шардаралық шаруалар аудан халқын тегіс өздерінде өскен қауын-қарбызбен қамтуда. Бұдан бөлек Ресей мен Беларуске 317 мың тонна өнім экспорттаған. Сапалы өнімдер көптің көңілінен шығып, сауда қызған.
Орынбасар Найзатай -«Ахмет» шаруа қожалығының төрағасы. 1997 жылы құрылған қожалықтың 79 гектар жері бар. 17 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Соның 50 гектарына бақша өнімдерін егіпті. Әсіресе биыл молынан еккен қауын қарбызы жақсы өнім берген. «Биыл өнім жақсы.Құдай қаласа бастадық жинауды. Ресейге алып кетеді. 50 гектар қауынымыз.Оның ішінде қарбыз да бар. Қырықма қауын дейміз. Міне қауынды бастадық. Пісті бәрі. Енді жинап жатырмыз»,- дейді қожалық иесі.
Қожалық қауынның жиенбай, қырықпай түрін еккен. Оның ішінде "валет" сортына сұраныс көп екен. Одан гектарына 30 тоннадан алып отыр. Қорабын 1500 теңгеге саудалайды екен. Өнімнің арысын Ресей мен, Беларусқа экспорттайды. Шетелдіктер егістік алқаптан өздері келіп алып кететін көрінеді.
«Валетті егуде Ресйден сұраныс жақсы. Валетканы сол үшін де көп егеміз. Жолға шыдамды, көп тұрады. Дәмі де жақсы»,-дейді Орынбасар Найзатай.
Биыл Шардара ауданы бойынша 57800 мың гектарға әртүрлі дақылдар егілді. Шаруалар дизель отынды төмендетілген бағада алып, кәсібінің берекесін көріп отыр. Ағынсудан да мәселе туындамаған.
«Ағын судан ешқандай тапшылық болған жоқ. Бұл уақытта ешқандай кемшілік те орын алған жоқ. Шаруалардың барлыығы да дән риза. Жалпы аудан бойынша 5500 ге-жуық ауылшаруашылық өндірушілер бар. Бүгінгі таңда ешқандай шаруадан арыз-шағым түскен жоқ»,- дейді Шардара аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Талғат Әлімқұлов.
Айта кетерлігі, Шардара ауданына қарасты Достық ауылында бас-аяғы 511 отбасы бар. Халық егін мен мал шаруашылығын бір ізге қойған. Бұдан бөлек, мұнда 369 шаруа қожалық пен 2 өндірістік кооператив жұмыс істеп тұр.