Сенаторлар ел ішінде
Қазығұрт ауданына сенаторлар Әли Бектаев пен Әлімжан Құртаев жұмыс сапарымен келді. Ондағы негізгі мақсат аудандағы ауылшаруашылығында атқарылып жатқан жұмыстардың жай күйімен танысу. Олар өңірдегі ірі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің біріне ат басын бұрды. «Бірлік» өндірістік кооперативінің алма жинау науқанына қатысып, ұжыммен кездесті.
"Ауыл шаруашылығын диверсификацияландыру процесі өте маңызды бағытқа айналып отыр. Себебі біріншіден табысты көтеруге өте маңызды. Одан кейін ауыл шаруашылық өнімін көбейтуге өте маңызды. Құнарлығын сақтау үшін өте маңызды. Сондықтан ауыл шаруашылығында қорықпай дев.көбірек көңіл бөлуіміз керек",- деді ҚР Парламенті сенатының депутаты Әли Бектаев.
Аудан көлемінде соңғы 10 жылда алма баудың көлемі 604 гектарға жеткен. Бүгінде бұл өндірістік кооперативте жүздеген аудан тұрғыны жұмыспен қамтылған Қазіргі таңда бақша дақылдарынан 500 тоннадан артық алма жиналған. Өнімдер отандық нарықтан өзге, Ресейге экспортталып жатыр.
"Биылғы жылы биылғы өнім Аллаға шүкір жаман емес. құдай қаласа 120 гектардан биыл 3 мың тоннадан астам өнім аламыз деген ниетіміз бар. Қазіргі таңда 500 тоннадай өнім жиналып үлгердік. 04/27 Ал қазір алма көбейген соң баға түсе бастаған соң қалада біздің қоймамыз бар. Сол қоймаға алып барып, қалған 2 жарым мың тоннаны жиямыз деген жоспарымыз бар",- дейді Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің атқарушы директоры Бекжан Қалыбеков.