Гүлденса ауыл - гүлденеміз бәріміз
ҚР Президентінің 2022 жылғы 03 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Қазығұрт ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың кезекті іс-сапары Қазығұрт, Қарабау, Алтынтөбе, Жігірген ауыл округтерінде жалғасты. Ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік грант алып, шаруасын дөңгелетіп жатқан аудан тұрғындарының жұмыстарымен танысты. Алдымен Қазығұрт ауыл округіндегі тәтті тағамдар цехы, сүт өнімдерін қайта өңдеу, тігін шеберханасы, ваза, сувенир жасайтын және жылқы басын көбейтіп, саумалмен айналысып жатқан азаматтардың жұмыс барысымен танысты. Сонымен қатар аудан әкімі осындағы «Табыс» және «Қазына» көшелерін ауыз су құбырының ағымдағы жөндеуін, «Темірлан», «Қажымұқан-2» көшелерінің электр жүйелерінің құрылысы жұмыстарын бақылады.
Содан соң Қарабау ауыл округідегі дәнекерлеу, металл жонушы токар жұмысын аралап көрді. Алтынтөбе ауыл округіндегі көлік жөндеу шеберханасында болды. Жігірген ауыл округінде тәтті тағамдар цехында болып жұмыс барысын көзімен көрді.
Аудан әкімі бұл жобаның негізгі мақсаты қарапайым ауыл тұрғындары үшін өзін-өзі жұмыспен қамту тиімділігі өте мол. Өйткені бұл жобаға жұмыссыз жастар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға үлкен мүмкіндік деді аудан басшысы.
Содан соң Ащыбұлақ елді мекенінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Жарлығына сәйкес, аудан әкімінің халықпен өткізетін кездесуі сұрақ-жауап форматында ұйымдастырылып, оған ауыл халқы, дербес бөлім басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Жиын барысында елді мекендегі ағын су, көшелерге жарық орнату, ауыз су, жайлым жер, мектеп алдына жол кедергілерін қою, мемлекет тарапынан берілетін грант беру мәселелері айтылды. "Гүлденса ауыл - гүлденеміз бәріміз" деген қағиданы берік ұстанатын аудан әкімі Арман Айдарұлы айтылған ұсыныс-пікірлерді мұқият тыңдап, барлығына жауап берді. Бұл мәселелер үнемі назарда ұстап, олардың оңтайлы шешілу жолдары қарастырылатындығын жеткізді.