Қазығұртта оңалту орталығы ашылды

Oinet.kz 25-08-2022 224

Screenshot_26.png

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында мүмкіндігі шектеулі балаларға медициналық және әлеуметтік қолдау көрсету сапасын жақсарту міндетін қойды. Сондай-ақ Үкіметке қамқорлығында мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға ерекше көңіл бөлуді тапсырдырған болатын. 

 Мемлекет басшысының тапсымасы аясында Қазығұрт ауданындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған сауықтыру орталығы балалар жылына орай  ашылды. Бүгінде орталықта тума кемтар балаларға қызмет көрсетеді. Мәселен Рашида Үсенқұлова баласын осында әкелген. Екі үш айдың ішінде әжептеуір оң өзгеріс бар дейді. Ол мамандардың жұмысына ризашылығын білдіріп, алғыс айтуда.  

Оңалту орталығы қоғамның әлеуметтік саласын дамыту жөніндегі іс-шаралардың жалғасы. Бұл ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды әлеуметтік және моральдық қолдауға бағытталған. Мекеме басшысының айтуынша мұндай жаттығулар мүгедектігі бар балаларды ынталандырып, олардың тәуелсіздігін қалыптастырады. Өзін өзі бағалауды, қажетті моториканы үйлестіруді, денені дамытуға және жетілдіруге бағытталған физикалық қасиеттер мен қабілеттерді арттырады. 

Гүлденса ауыл - гүлденеміз бәріміз
«Нәтиже» жобасы аясында 6.5 мыңнан аса азаматқа кеңес берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу