Жемқорлықсыз әлем - гүлденген әлем!

Oinet.kz 26-08-2022 317

Screenshot_23.png

Елдің дамуы мен әлеуметтік-экономикалық ілгерілеу жолындағы маңызды қадамдардың бірі – сыбайлас жемқорлықты жеңу. Бұл проблемаға бүкіл әлемде үлкен көңіл бөлінетіні кездейсоқ емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат – мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігі.Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – үлкен мөлшерде енетін ауру және одан емделіп шығу ұзаққа созылады. Оған қарсы күшті дәрі қолданбаса, жемқорлықтан арылу мүмкін емес. Сондықтан біз барлық қажетті шараларды жалғастырамыз»,- дей келе сала басышларына нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Атап айтқанда мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстан Республикасында 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасы» бекітілді. Тұжырымдамада әлеуметтік дертпен күресте азаматтық қоғамның рөлін күшейту, оның ішінде қоғамдық кеңестердің құқықтық мәртебесін кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылған.   

 Осы бағытта жақында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу үшін  Қазығұрт аудандық қоғамдық кеңесі төрағасы А.Жылқыбаев, қоғамдық кеңестен құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия төрағасы А.Сманов, аталмыш комиссия мүшесі Б.Серікбаев, Қазығұрт ауданы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық, заң және терроризмге қарсы іс-қымыл бөлімшесінің бас маманы А.Еркінбековтер Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерімен отырыс өткізді. Жиын барысында А.Еркінбеков және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы К.Кулимов сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы баяндамалар жасады. Жиын сонында сұрақ-жауап болып, ұсыныстар айтылды. Қорытынды сөзді А.Сманов сөйлеп, жиынға қатысып отырған азаматтарды қоғам дерті саналатын сыбайлас жемқорлықпен күресті бірге жүргізуде шақырды.   


Отбасында теңдік болмай - қоғамда теңдік болмайды
Гүлденса ауыл - гүлденеміз бәріміз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу