Отбасында теңдік болмай - қоғамда теңдік болмайды

Oinet.kz 25-08-2022 255

Screenshot_22.png

Қазақстан Республикасындағы жалпы әлеуметтік және экономикалық ахуалдың қазіргі кездегі жағдайында отбасы ішіндегі зорлық-зомбылыққа қарсы іс-әрекет проблемасы өте өзекті. Ел үшін күрделі кезеңде келеңсіз үдерістердің дамуы тұрақсыздандыру құбылыстарына әкеледі, сол сияқты отбасына да келеңсіз әсерін тигізеді.

  Осындай келеңсіз жағдайлардың алдын-алу мақсатында елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен "Бақытты отбасы" жобасы қолға алынған. Таяуда  аталмыш жоба аясында Қазығұрт ауданы аумағында тұрмыстық зорлық - зомбылықтың, жасөспірімдерге жасалынатын зорлық - зомбылықтың алдын  алу мақсатында Алтынтөбе, Қарабау ауыл округтерінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  Жиынға ауылдық ардагерлер алқасының төрағалары, ауылдық әжелер алқасының төрайымдары, ауыл әкімдері, ауыл әкімі аппаратының мамандары, мектеп директорлары, емхана, фаб меңгерушілері, балабақша қызметкерлері, аудандық "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің психологы, жастар әдіскері қатысты. Аудандық "Әлеуметтік - психологиялық сүйемелдеу қызметі" бөлімшесінің араулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметік қызметкері өткен жылмен ағымдағы жылдың 6 айында атқарылған жұмыстарына қысқаша тоқталып, "Бақытты отбасы" жобасын бірге жүзеге асыруға, ауыл окургтерде орын алып жатқан келеңсіз жағдайларды, әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясатты, аутодеструктивті мінез құлықтың,құқықбұзушылықтың, тұрмыстық зорлық - зомбылықтың алдын алу мақсатында елдің арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізілді. Жиынға қатысушылар жиын соңында ұсыныс пікірлерін айтып, алдағы уақытта бірге жұмыс атқаратынын атап өтті.

Қазығұрттықтарға «Ауыл аманаты» жобасы таныстырылды
Жемқорлықсыз әлем - гүлденген әлем!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу