Қазығұрттықтарға «Ауыл аманаты» жобасы таныстырылды

Oinet.kz 25-08-2022 304

Screenshot_21.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасы» бекітілді. Осы бағдарлама аясында партия Үкіметпен бірлесіп «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруда.  Аталған жобаны таныстыру мақсатында, жұмысшы топ мүшелері, Г.Багжаева, Ж.Әзімбай, У.Нурманов, Н.Дулатов Қазығұрт ауданы Тұрбат, Шарбұлақ ауыл округінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуде аудан тұрғындары  «Ауыл аманаты» жобасымен танысты.

«AMANAT» партиясы, Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Б.Тәжібаевтың және де топ мүшелерінің ақпараттарын саралай келе, ауыл тұрғындары үшін, «Ауыл аманаты» жобасы өте тиімді жоба деп айтуға негіз бар.

Айта кетейік, жобаның негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігі және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу. Жоба аясында ауыл тұрғындарына ең төменгі 2,5%-бен 1 триллион теңге несие таратылмақ. Халықтың тұрмысын көтеруді көздейтін мемлекеттік бағдарламаға сай 7 миллион теңгеге дейінгі несие 7 жылға арналған. Ал кепіл ретінде елді-мекендегі барлық үй жарайды. Әрі банктегідей емес (банкте 50%), баспана құнының 80%-на дейін есептеледі. Қаражат қолға тиген соң алғашқыда 1,5 жылға дейін демалыс алуға толық мүмкіндік бар. Несиені ай сайын емес, тоқсанына немесе жарты жылда бір рет жабуға да болады. “Бармақ басты” жағдайларға жол берілмеуі үшін барлық ауыл окургтерінде құжат қабылдау барысында елағаларынан, билер мен партия белсенділерінен комиссиялар құру көзделуде. Банктерге бағынышты болмауы үшін бұл қаражат өңірімізде “Түркістан” ӘКК-і арқылы тарату ұсынылуда.

Халықпен жиі кездесу оң нәтиже беруде
Отбасында теңдік болмай - қоғамда теңдік болмайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу