Мектеп салуға ниетті инвесторлар көбеюде

Oinet.kz 24-08-2022 294

Screenshot_13.png   

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтің тікелей тапсырмасымен республика көлемінде инвесторлар есебінен салынған білім ордаларының қатары көбейіп келеді. Мұндай жеке меншік мектептер Түркістан облысы Сайрам ауданында да бой көтеруде. 

   Жақында аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев  Манкент ауылдық округіндегі жекеменшік мектептерде болып, жаңа оқу жылына дайындық барысымен танысты. Ғимараттардың ішіндегі мәжіліс залдары, асханалары мен сынып бөлмелерін аралады. 

   Жеке кәсіпкер Низамхан Сулаймановтың өз қаражатынан Ақсукент және Манкент ауылдық округі аумағынан салынып жатқан 1200 орындық 6 жекеменшік мектебі бар. Олардың 4-уінің құрылыстары жақын күндері аяқталып, Білім күні қарсаңында тапсырылмақ. Инвестордың басшылығымен заманауи үлгідегі мектеп құрылыстары жүргізіліп, жолға асфальт төселіп, ашық спорт алаңшалары салынған. 

   Бүгінгі таңда оқу жылында жұмысын бастайтын мектептерге 500-ден аса бала тіркелген.Сондай-ақ, балаларды тегін тасымалдау қызметі мен ыстық тамақпен қамту мәселесі қарастырылған.  

   2000 бастауыш сынып оқушылары үшін 40 миллион теңгеге мектеп формасы сатып алынған. Алматы қаласына оқу-құралдарды шығаратын баспаханаға 80 млн. теңгеге тапсырыс жасалған. Аталған қаражаттың жартысына оқу-құралдары дайын болған, ал қалғандары осы жылдың тамыз айының соңына дейін жеткізіледі.   Мектептерде үш тілде,  білім беру стандарттарына сай оқытылады. 

    Оқу жылында оқушылардың білімін және оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында пәндік, спорттық және өзге де өнер түрлерінен үйірмелер өз жұмыстарын бастайды. Сонымен қатар, оқу үлгерімдері үздік оқушылар үшін шәкіртақылар тағайындалатын болады.   

  Әкім орынбасары Алматы және жергілікті өңірлердегі тігін фабрикаларында «NS» мектептің белгісімен арнайы дайындалған балалардың бірыңғай жиынтық киім үлгісі мен оның сапасына назар аударды. Оқушыларға  мектеп формасын тарату шарасына қатысып, балалар мен ата-аналарды алдағы жаңа оқу жылымен құттықтап, жетістіктері мен жемістері көп болуын тіледі. Өз кезегінде жаңа ғимаратта білім алатын балаларға бар жағдай жасап отырған кәсіпкерге ризашылығын білдірді.

    Аралау соңында Мадияр Мұхтарұлы ауылдық округінің барша білім қызметкерлеріне жекеменшік мектептердің ашылуына түсіністікпен қарау жөнінде аудандық «ELNUR TV» телеарнасына сұхбат берді. Мұғалімдер өз мектептерінен оқушыларымен бірге жаңа жекеменшік мектептерге өту кезінде ең бастысы сағат жүктемелері мен жұмыс орындары қысқарылмайтыны, қайта еңбектеріне қолдау көрсетіліп, айлық-жалақылары 15 пайызға жоғары төленетінін тілге тиек етті. Ал, оқушылар үшін сапалы білім мен тәрбие алуына ыңғайластырылған, жаңа бағытта оқытатын білім ұясы екенін атап өтті. 

Сенаторлар шаруалармен кездесті
Жемқорлықпен күрес - баршаға міндет!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу