Жемқорлықпен күрес - баршаға міндет!

Oinet.kz 25-08-2022 259

Screenshot_14.png  

Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген «2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамада» әлеуметтік дертпен күресте азаматтық қоғамның рөлін күшейту, оның ішінде қоғамдық кеңестердің құқықтық мәртебесін кеңейту мәселелеріне ерекше мән берілген.  Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен барлық деңгейдегі Қоғамдық кеңестер жанынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл мәселелерімен айналысатын комиссиялар құрылған болатын. 

Осыған байланысты, азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне қарсы күреске барынша жұмылдыру, тұрғындар арасында тұрақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жергілікті қоғамдық кеңестер мен аудан әкімі аппаратының заң бөлімшесімен бірге жүргізу ұсынылды. 

Осы ретте, Сайрам ауданы әкімдігінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің хатына сәйкес,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-түсіндіру жұмысы бойынша мәжіліс өтті.  Аталған мәжіліске аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы М.Есалиев, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, дербес бөлім басшылары және ауылдық округтерінің әкімдері қатысты.  Мәжіліске аудан әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаев төрағалық етті. 

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының заң бөлімшесінің басшысы Қ.Жаналиев мемлекеттік қызметші тарапынан сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, сонымен қатар ағымдағы жылы орын алған фактілер мен олар бойынша қабылданған шараларға тоқталды. 

Келесі кезекте Сайрам аудандық Қоғамдық кеңесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, әдеп және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б.Айтбаев қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру мәселесін баяндады.   

  Өз сөзінде қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттырудың нәтижесінде, жемқорларға деген теріс көзқарас қалыптастыру, яғни пара алуды, пара беруді өз мәселелерін шешудің оңай әдісі деп қарайтын тұлғалардың үлесін түбегейлі азайту мәселелерін көтерді. Бұл жұмыстар тек агенттіктің қызметімен шектелмейтінін атап, барлық мемлекеттік органдардың қоғам өкілдерінің белсенді қатысуы маңызды екенін жеткізді. Жоғарыда аталған Тұжырымдамаға сәйкес, жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту, парасатты қоғам қалыптастыру, жемқорлықты азайту, жазаның бұлтартпастығын күшейту, азаматтық қоғамды тарту және тағы басқа мәселелердің қамтылғанын түсіндіріп, қоғам болып күресуге шақырды.  

   Мәжіліс барысында қатысушылар ой-пікірлерін білдірді.  Мемлекеттік орган қызметкерлері өздерінің қызметтік міндеттерін орындау, жауапкершілікті арттыру, халықпен ашық, кері байланысты орнатып, тығыз қарым-қатынаста болу қажеттілігіне баса назар аударылды.  

  Әкім орынбасары күн тәртібіндегі қаралып, талқыланған мәселе бойынша тиісті басшыларға бірқатар тапсырмаларды жүктеп, бақылауға алудың қажеттілігін ескертіп, мәжілісті қорытты. 

Мектеп салуға ниетті инвесторлар көбеюде
«Мектепке жол—шекарасыз жақсылық» акциясы өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу