Аудан әкімі тұрғындармен кездесіп, мәселелерін тыңдады

Oinet.kz 22-06-2022 401

Screenshot_16.jpg

ҚР Президентң Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, енді әкімдер сайланады. Сайланатын әкім­дердің халық алдындағы жауап­кершілігі артатын болады. Халық сенім білдіріп сайлағандықтан, әкім жоғарыда тұрған билік органдарына емес, енді жергілікті тұрғындарға тәуелді болады. Яғни халықтың жергілікті би­лік­ті қалыптастыруға ықпалы күше­йеді. Ал әкім халықтың қолдауына ие болғандықтан, оның билігі ен­дігі кезекте легитимді болады. Халықтың көпшілігі дауыс беріп сайлағандықтан, «Бұл қай­дан келген әкім?» деген сұрақ қо­йылмайтын болады. Әкімнің қыз­метіне бағаны сайлау арқылы тұр­ғындар беретіндіктен, алдағы уа­­қытта әкімдердің қызметі жан­­да­нып, мұның өзі ауылдың жағ­да­йын жақсартуға септігін ти­гізбек.

Сонымен қатар, әкімдер елдімекендерді аралап, халықпен кездесу өткізіп тұру керек. Осы орайда Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев Аққұм ауылдық округі халқымен кездесуінен кейін тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қабылдады. Қабылдауға келген А.Тілеубаева округте ауыз судың жеткіліксіздігін, елді мекендерге ағын су жеткізіп отырған каналдың ұйық басып кетуіне байланысты механикалық тазалаудан өткізіп, лоток қоюды сұранды. 

Ауыл тұрғынының өтінішіне аудан әкімі көтеріліп отырған мәселені шешу бойынша жұмыстар жүргізіліп отырғанын, «Жаманжар» каналы «КазсуШар» мекемесінің теңгерімінде екенін, оны қайтару бойынша келісім-шарт жасалып жатқанын, аталған мекеме оны тазалау ісін кезеңімен жүзеге асыратынын жеткізді. 

А.Сүлейменова Момынай ауылының 50 ге жуық абонеттері жаздың күндері ауыз судың тапшылық көретінін айтып, мәселені шешуге көмек сұрады. Аудан әкімі аудан аумағындағы ауыз су мәселесін түбегейлі шешу бағытында тың жобалардың жүзеге асырылып жатқанын, елді мекен мәселені кезеңімен шешімін табатынын айтты. 

Л.Асанова ауылға ветстанция құрылысын жүргізу жөнінде ұсынысын айтты. Аудан басшысы көтерілген мәселе орынды екенін, дегенмен кез-келгенн ұсынысты жүзеге асыру бірінші кезекте қаржыға тірелетінін, бұл жөнінде салалық басқармаларға ұсыныс жолданатынын айтып, түсіндірді. 

Төлеби ауданында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселесі бойынша кездесу өтті
Төлеби ауданының әкімі Аққұмдықтармен кездесуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу