Төлеби ауданының әкімі Аққұмдықтармен кездесуде

Oinet.kz 22-06-2022 364

Screenshot_17.jpg

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің  халыққа арнаған жолдауында "Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін, олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін" деген болатын. 

Осы орайда Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараевтың халықпен кезекті кездесуі Аққұм ауылдық округінде жалғасын табуда. Жиынды аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров ашып, жүргізіп отыр.  Кездесуге құқық қорғау саласының өкілдері,  аудандық ардагерлер кеңесінің, қоғамдық кеңес төрағалары,  ардагерлер, зиялы қауым, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, түрлі сала қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысуда.

Барлық деңгейдегі әкімдердің есепті кездесуі  жыл көлемінде жүзеге асады.  Әкімдердің халықпен кездесуі  атқарылған жұмыстарды тиісті деңгейде бағалап, орындалмағандарын жедел түрде шешу үшін күш жұмылдыруға және де алдағы міндеттерді айқындап, нақтылауға мүмкіндік туғызбақ. Сондай-ақ, әкімдердің іскерлігі сыналуда. 

Кездесу барысында аудан әкімі ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуының 2021 жылы атқарылған және 2022 жылы атқарылатын жұмытар барысы жөнінде баяндама жасады. Бұған қоса, ауылдық округтегі жүзеге асқан жобалар мен осы жылы орындалуы тиіс жұмыстарды таныстырды. 

Аққұм ауылдық округі бойынша атқарылған жұмыстар барысына тоқтала кетсек, 2021 жылы аймақтың 7 көшесіне электр желілері тартылып, трансформатор орнатылды. 

Момынай елді мекенінің Ақпан батыр, Ақтас, Бұлақты көшелері орта жөндеуден өткізіп, Жаңаұйым елді мекенінің 4 шақырымына аяқ жол салынды. Сондай-ақ, Жаңаұйым ауылына түнгі жарық орнатуға қаржы бөлініп, кіре беріс аркасы жаңартылды. Момынай елді мекеніндегі жаңа массивке инженерлік-коммуникация жүйелерін тарту бағытында ЖСҚ әзірлеуге қаржы бөлінді. 

Биылғы жылы Момынай елді мекенінің Ақтас көшесінің 5,6 шақырымы, Аққұм елді мекенінің Ащы көшесінің 23,5 шақырымы, Ленгір-Аққұм бағытындағы автомобиль жолы жөндеуден өтті. Аққұм елді мекені Қапал батыр көшесіне аяқ жол салынады. «Жаманжар» каналы механикалық тазалаудан өтеді. Сондай-ақ, Момынай елді мекеніне Мәдениет үйінің құрылысын жүргізу мақсатында қаржы бөлінеді. Көркейту, көгалдандыру жұмысы жыл көлемінде жалғасын табады. 

Еркін пікір алмасу,  сұрақ-жауап форматында өткен жиында тұрғындар өзекті мәселелер тізгінін ағытты. 

Аудан әкімі тұрғындармен кездесіп, мәселелерін тыңдады
Өмірзақ Шөкеев: «Туризмді дамыту– Түркістан өңірінің басым бағыттарының бірі»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу