Төлеби ауданында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселесі бойынша кездесу өтті

Oinet.kz 13-06-2022 309

Screenshot_15.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты ендіру және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша заңға қол қойған болатын. 

"Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты ендіру және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген ресми құжатта. 

Сонымен қатар Президент кәсіпкерлік саласына сыбайлас жемқорлықтың тигізер зияны орасан зор екендігін БАҚ-қа берген сұхбатында айтқан еді. 

"Сыбайлас жемқорлық - өте күрделі құбылыс. Былай айтқанда дерт деп те айтуға болады. Батпандап кіретін, мысқалдап шығатын кесел. Сондықтан бұл дертпен міндетті түрде бәріміз қоғам боп күресуіміз керек. Әйтпесе кеш болып қалуы мүмкін. Сыбайлас жемқорлықтың кесірінен алып мемлекеттер, ірі мемлекеттер құлағанын бәріміз білеміз, куә болдық", - деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда бүгін Төлеби аудандық прокуратурасы мен Түркістан облысының Төлеби аудандық кәсіпкерлер палатасы «Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және оларға мемлекеттік қолдау көрсетудің өзекті мәселелері» тақырыбында бірлескен кездесу ұйымдастырды. Кездесуге уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары мен қатар ауданның бизнес өкілдері шақырылып, 18 жуық кәсіпкер қатысты.  

Кездесуде прокуратура мен кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлік субъектілердің құқықтарын қорғау бағытында атқарған жұмыстары, жергілікті атқарушы органдардың бизнеске қолдау көрсетудегі өзекті мәселелері талқыланды.

Аудан прокуроры Оразалы Ералханұлы Әбдіраманов кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау – прокуратура қызметіндегі маңызды бағыт екенін, бизнестің дамуы халықтың әл-ауқатын жақсартып, жұмыссыздықты азайтумен бірге қылмыстық ахуал мен құқық тәртібіне де оң ықпал ететінін атап өтті.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан құқықтық реформалар аясында прокурордың бизнесті қолдаудағы рөлін күшейтуге ерекше мән беріліп отырғаны, оның ішінде 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауына сәйкес енді кәсіпкерлердің шағымдары бойынша прокурорлар мемлекеттік органдарда тікелей тексеру жүргізу мүмкіндігіне ие болғаны баяндалды.

Прокуратураның мәліметінше бұл бағытта жұмыс кәсіпкерлер палатасымен тығыз ынтымақтастықта атқарылады және Түркістанға облыс орталығы мәртебесі берілгелі 4 жылда прокуратура 6 мыңға жуық кәсіпкердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаған.

Мысалы, Төлеби ауданы прокуратурасының кәсіпкерлердің құқығын қорғау мобильдік тобына ағымдағы жылдың мамыр айында “Балмұздақ” ЖШС-нен қоңырау түсіп, осы ЖШС-нің 20-тонналық контейнері 2 айға жуық мерзімде айыппұл тұрағында заңсыз ұсталып тұрғаны анықталды. Аудандық прокуратурасымен дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында, заңсыз ұсталып тұрған контейнері сол күні кәсіпкерге қайтарылып, заңсыздыққа жол берген полиция қызметкердің үстінен тәртіптік өндірісі қозғалғаны жиынға қатысқан кәсіпкердердің назарына жеткізілді. Одан бөлек, Төлеби ауданы әкімдігімен “Сауда қызметін реттеу туралы” ҚР Заңының 22-бабының 2-тармағына сәйкес ішкі сауда жасау үшін арнайы орындар белгіленбегеніне қарамастан аудандық полиция инспекторларымен сауда саттықпен айналысып жүрген азаматтарға заңсыз ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 204-бабымен (жергілікті атқарушы орган белгілегеннен тыс орындарда сауда жасау) 22 заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулылар қабылдаған. Көрілген іс-шаралардың нәтижесінде 22 заңсыз қаулылардың күші жойылды.

Кездесу барысында аудандық бизнесті қолдау және туризм саласына жауапты маман О.Жанкалов  пен Ленгер Су  басқармасының басшылары есеп берді, сондай-ақ кәсіпкерлер көтерген бірқатар проблемалық мәселелер (аудандағы  инфрақұрылымның жай-күйі, су көзінің тапшылығы, жер мәселесі, кәсіпкерлерге несие беру және салық мәселелері) талқыланып, жауапты лауазымды тұлғаларға тапсырмалар берілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы түсіндірілді
Аудан әкімі тұрғындармен кездесіп, мәселелерін тыңдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу