Алпамыс батыр ауылына су күзде келеді

Oinet.kz 11-06-2022 565

Screenshot_7.png

Келес ауданы, Алпамыс батыр ауылдық округінің Ақжол және Қауыншы елді мекендерін таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Республикалық және облыстық бюджетінен қаржы қаралып, құрылыс монтаж жұмыстары 2021 жылдың сәуір айында басталған. Екі ауылға ауыз су 2022 жылдың қараша айында пайдалануға берілуі жоспарланған. Жұмыстар Облыстық энергетика басқармасы арқылы бекітілген өндірістік кесте сәйкес жүзеге асуда.  Бүгінгі таңда аталған құрылыс нысанының су бұрғылау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар елді мекендердің ішкі жүйелеріне құбыр жүргізу жұмыстарының 60 пайыздан астам  бөлігі аяқталған. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев Алпамыс батыр ауылдық округінің тұрғындарымен болған кездесуде атап өтті. 

Ауданда атқарылған жұмыстардың барысына қысқаша тоқталған аудан басшысы жиынның басым бөлігін сұрақ-жауап форматында өткізді. Ашық аспан астында өткен кездесуде ауыз су, жайылым жер, электр бағаналары, ағын су сынды мәселелерді көтерген тұрғындарға аудан әкімі жауап берді. 

Аудан құрылғалы тұрғындардың қолайлы өмір сүруі үшін мемлекеттік бағдарламалар аясында сапалы инфрақұрылыммен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Соның ішінде Алпамыс батыр ауылдық округін дамыту бойынша жоспарлар әзірленген. Бүгінде ауылда ауыз су құрылысы жүруде. Ауыз су құрылысы біткен соң көшелерді жөндеп, абаттандыру жұмыстары жүреді. Жиын соңынан  аудан әкімі   тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады.  

Ұшқынға интернет келеді
Құрылыс нысандарын аралады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу