Ұшқынға интернет келеді

Oinet.kz 11-06-2022 519

Screenshot_6.png

Келес ауданының Ұшқын ауылдық округі сапалы интернет желісімен қамтылуы жоспарлануда.  Биыл Достық және Қоралас елді мекеніне 3G байланысы қосылса, ауылдық округінің орталығы Ұшқын елді мекеніні 4G байланысымен қамтымақ. Жалпы ауданымыз Өзбекстан Республикасымен шекаралас орналасқан елді мекендерінде ұялы байланыс интернетінде мәселелер туындаған. Бүгінде шекара маңындағы Алпамыс батыр ауылдық округінің Ақжол елді мекеніне 4G байланысымен қамтылса, Ақтөбе ауылдық округінің Бозсу, Құйған, Қияжол ауылдары сапалы интернетке қол жеткізді. Сонымен қатар, Ескіқорған елді мекенін Билайн операторы 4G интернет жылдамдығымен қамтыды. Биыл тағы аудандағы 20 елді мекен сапалы интернет желісімен қамтылуы жоспарлануда. Бұл жұмыстардың басым бөлігі +250 жобасы аясында жүзеге аспақ. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев Ұшқын ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуінде айтылды. 

Биыл Ұшқында аудан бюджет есебінен 1,2 шқ каналдар мен қашыртқыларды механикалық тазалау және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Одан бөлек 300 га жер елді мекендердің ортақ жайылымына өтеді. Сонымен қатар, 2 көше асфальттанып, 4 көшеге шағал төселеді. Кездесудің басым бөлігі сұрақ-жауап форматында өтіп, тұрғындар аудан әкімімен еркін диалог құрды. Тұрғындар тарапынан көтерілген сауалдардың басым бөлігі ауыз су, елді мекендердің инфрақұрылымы және жер мәселесі төңірегінде қойылып, нақты жауаптары берілді. Кездесу соңынан жеке мәселелерін арқалап келген тұрғындарды қабылдап, мәселенің шешу жолдары талқыланып, жауаптары берілді. 

Келестің қарбызы шетелге экспортталуда
Алпамыс батыр ауылына су күзде келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу