Құрылыс нысандарын аралады
Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев Ошақты ауылдық округіне барып, тұрғындармен болған есепті кездесуде айтылған тапсырмалардың орындалуын бақылады.
Ауылдық округінің орталығында орналасқан Абай жалпы орта мектебіне қосымша 300 орындық оқу корпусы, асхана және спортзал ғимараты салынуда. Аталған құрылыс нысаны өткен жылы бастау алып, ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға берілуі жоспарлануда.
Құрылыс жұмыстарының барысымен танысқан аудан басшысы құрылысшылар санын арттыру, техникаларды көбейтіп, оқу ғимаратын сапалы етіп айтылған мерзімнен кешіктірмей ел игілігіне тапсыруды мердігерге айтты.
Сонымен қатар Ынталы елді мекенінде тұратын тұрғындардың өтініші аясында Ынталы ауылы мен Береке ауылын жалғайтын жолға шағал төсеуге биыл қаржы қаралып, жұмыстарды басталатын болды.
Жиделі елді мекенінің тұрғындары елді мекенге баратын жолды жақындату мақсатында көпір салуды сұранған еді. Тұрғындар өтініші орындалып, осы айдың соңына дейін демеушілер есебінен Саңырау каналының бойынан көпір салынатын болды.