Келесте мектеп салынуда

Oinet.kz 10-06-2022 509

Screenshot_3.png

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері" атты Ұлттық жобада халықтың өмір сүру сапасын арттырып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауды тапсырған болатын. 

Осы орайда биыл Келес ауданының Қошқарата ауылдық округінің 9 елді мекеніне табиғи газ беріледі. Сонымен қатар 23 шақырымды құрайтын каналдар мен қашыртқылар механикалық тазалаудан өтеді. Аудан бойынша білім саласының қарыштап дамуына барынша жағдайлар жасалып, қолдау көрсетілуде. Соның бірі Бесқұбыр елді мекеніндегі  С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектепке 300 орындық оқу корпусы, асхана, спрот зал құрылысына ағымдағы жылы бастау алып, келесі жылы пайдалануға беріледі.  Бұл туралы Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев Қошқарата ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді. 

Келес ауданында Мемлекет басшысының  Жарлығына сәйкес Әкімдер халықпен кездесіп, тұрғындар көкейіндегі мәселелерді шешу бағытында жұмыстар атқарылуда. Бекітілген кестеге сәйкес бүгін аудан басшысы Ақментай Үсенұлы Қошқарата ауылдық округінде болып, тұрғындармен кездесті. 

Кездесуді аудандық мәслихаттың хатшысы Арын Тотиков жүргізіп отырды. Аудандағы дербес бөлім басшыларымен аудандық мәслихаттың депутаттары қатысқан жиынның басым бөлігі сұрақ-жауап форматында өтіп, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақ, ұсыныс, пікірлерге аудан басшысы жауап берді. 

Кездесу соңынан аудан әкімі Ақментай Есбаев пен аудандық мәслихаттың хатышысы Арын Тотиков ауылдық округіндегі бұрынғы әскерилер заставасы орналасқан аумақта болып, ғимаратты тиімді пайдалану жоспарын талқылады. Аудан басшысы тиісті бөлім басшылары мен ауылдық округі әкімдігінің өкілдеріне қажетті ұсыныстарды дайындауға  тапсырма жүктеді.

Келеске инвестор келді
Ет өнімдерін өндіретін зауыт іске қосылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу