Ет өнімдерін өндіретін зауыт іске қосылады

Oinet.kz 10-06-2022 470

Screenshot_4.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 10 Ұлттық жоба тізбесін бекіткен болатын. Солардың бірі - агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба. Алдағы 5 жылда жобаны іске асыру нәтижесінде еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру, елді толығымен отандық өніммен  қамтамасыз ету көзделген.

РКС:Жобаны іске асыру нәтижесінде 500 мың адамды жұмыспен қамтып, осылайша 1 млн ауыл тұрғынының табысын арттыру көзделген. Ұлттық жоба аясында ет, жемістер, көкөніс, қант сүт өнімдерін өндіру мен қайта өңдеуге басымдық берілмек. Сонымен қатар ірі инвестициялық жобалар айналасында 7 экожүйені қалыптастыру көзделіп отыр.

Осы орайда Келес ауданында "Сарыағаш-QZ" ЖШС-нің ет және шұжық өнімдерін өндіретін зауыты іске қосылмақ. Жоба кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында іске асырылмақ. Зауыттың жалпы құны 350 млн теңге, онда 100 адам жұмыспен қамтылмақ. Бұл туралы  брифингте Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев мәлімдеді.

«Ауданның ауыл шаруашылығы саласындағы өнім көлемі 62 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 11,8 млрд теңгеге артқан. Өңірде озық технологияны қолдана отырып, 1 алқаптан 2-3 рет өнім алу бойынша 316 жоба іске асырылды. Аймақта жалпы - 121 мың тонна бақша және көкөніс өнімдері алынып, облыстағы үздік көрсеткішті көрсетті»-деді Ақментай Үсенұлы.

Биылғы жылы аудан бюджетінің есебінен 133 млн теңгеге 101 шақырымды құрайтын каналдар мен қашыртқыларды механикалық тазалау жұмыстары жүргізілмек. Нәтижесінде 217 гектар жер қайта айналымға түспек.

Келесте мектеп салынуда
Келестің қарбызы шетелге экспортталуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу