Жәрмеңке - мүмкіндіктер алаңы

Oinet.kz 09-06-2022 436

Screenshot_7.png

Қазақстанның қарқынды дамып, ең озық отыз елдің қатарына қосылуының тағы бір алғышарты – жұмыссыздықпен күрес. Бүгінде бұл өзекті мәселенің оң шешімін табуы үшін мемлекетте түрлі бағдарламалар қабылданған. Былтыр нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мерзімі аяқталған болатын. Осыған орай, былтыр қазанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік бағдарламаларды ұлттық жобаларға трансформациялау жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында түрлі бағытта жобалар кешені әзірленді. Соның бірі - Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы. Аталған жоба кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға, кәсіпкерлердің өсуін жеделдетуге, жаңа нишаларды қалыптастыруға, сонымен қоса бәсекелестікті дамытуға бағытталып отыр. Ағымдағы  жылы жоба аясында республикада 443,8 мың жұмыс орны құрылады деп жоспарланған. Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде бес жылда 995 мыңнан аса жұмыс орны құрылады деп күтілуде.

Осы ретте Сарыағаш ауданы әкімдігінің бастамасымен халықты жұмыспен қамту орталығында 2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі «Ұлттық жоба» шеңберінде алимент бойынша үш айдан астам берешегі бар және жалпы жұмыссыз азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге ауданның жалпы жұмыссыз 39 азаматы қатысты. Оның ішінде: мүгедектігі бар 6-азамат, пробация есебінде тұрған 5-азамат, алимент бойынша үш айдан астам берешегі бар 6-азамат, 29 жасқа дейінгі жастар 33 азамат және жалпы жұмыссыз 6 азамат. Сонымен қатар жәрмеңкеге ауданның 14 жұмыс берушілері 47 тұрақты бос жұмыс орындарын ұсынды. Алдағы уақытта мұндай жәрмеңкелер тұрақты түрде өткізілетін болады дейді салаға жауапты мамандар. 

Дербісекке ауыз су келеді
Ауылда ауызсу мәселесі шешілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу