Дербісекке ауыз су келеді

Oinet.kz 09-06-2022 260

Screenshot_5.png

ҚР Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Сарыағаш ауданының әкімі М.Отаршиев Дербісек ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады.

Аудан басшысы кездесу барысында алдымен Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы тоқталып, одан соң Сарыағаш ауданында атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады.

Жиын барысында, тұрғындардың басым бөлігі ауыз сумен қамтамасыз ету, мобильді интернет, тұрғын үй салу үшін жер учаскесін беру, жеке меншік мектептер ашу, жолға асфальт төсеу, қатты тұрмыстық қалдықтар орнына жер беру, пайдалануға берілген су ұңғымасының фильтрін тазалау және жылыжайлардың жылыту жүйесін газға ауыстыру туралы өтініштері мен пікірлерін айтты.

Screenshot_6.png

Өз кезегінде аудан басшысы Дербісек ауылдық округіне қарасты Атамекен елді мекеніне ағымдағы жылы «Билайн» ұялы байланыс операторы тарапынан жоғары жылдамдықтағы базалық станциясын орнату жоспарлануда. Қазіргі таңда базалық станция орнатылатын жер учаскесін ресімдеу жұмыстары жүргізілуде. Ал Дербісек елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету үшін биылғы жылға құрылыс жұмыстарына республикалық бюджеттен қаржы бөлінді, мемлекеттік сатып алу рәсімдерінен кейін құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілетіндігін атап өтті.

Сонымен қатар, Дербісек елді мекенінен жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беру үшін 70 га аумаққа инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. Құрылыс жұмыстарына қаржы бөлдіру үшін облыстық бюджетке ұсынылған. 

Кездесуден кейін аудан басшысы ауылдық округ тұрғынын жеке өтініші бойынша да арнайы қабылдады. Қабылдауға келген ауыл тұрғынының шаруашылық жерлерге берілетін ағын су мәселесі бойынша өтінішін тыңдап, заң аясында жауап берді.

Аудан басшысы тұрғынды қабылдау барысында, ауылдық округ әкімі мен тиісті мекеме басшыларына өтінішті назарға алып, заңға сәйкес оң шешуді тапсырды.

Сарыағашта тарихи-мәдени саябақ ашылды
Жәрмеңке - мүмкіндіктер алаңы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу