Сарыағашта тарихи-мәдени саябақ ашылды

Oinet.kz 08-06-2022 267

Screenshot_4.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты  Қазақстан халқына Жолдауында "Қоғамдағы бірлік пен келісімді көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Біз – Конституцияда айтылғандай, біртұтас халықпыз. Біздің нағыз күшіміз – осында" деп ел ішіндегі бірлікті одан әрі нығайтуды тапсырған болатын. 

Осы орайда Сарыағаш ауданы, Дархан елді мекенінде ел бірлігін нығайтуға ұйытқы болу мақсатында соғылған «Айырылмас» атты тарихи-мәдени демалыс саябағының ашылу салтанаты болып өтті. Саябақтың ашылу салтанатына аудан әкімі Мұхит Отаршиев, қонақтар мен зиялы қауым өкілдері, ел ағалары, ауыл тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты. 

“Айырылмас”қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.Сүлейменов бүгінгі күннің тұрғындар үшін мереке іспетті екенін, елді мекендегі әрбір жағымды жаңалықтың көпшілік игілігіне арналғанын және саябақтың мәдени-тарихына тоқталып өтіп, елдігіміз мәңгілік болып, халқымызға Алла әрдайым бірлік берсін, деген ақ тілегімен сөзін түйіндеді.

Келесі кезекте аудан әкімі жаңа саябақтың ашылуымен құттықтап, елдің бірлігін сипаттаған саябақ халықтың салауатты, әрі рухани күш-қуатқа бай болып өмір сүруі үшін қызмет ете береді деген сенімдемін деген құттықтауын жеткізді. Мұнан соң жаңа саябақтың тұсаукесер лентасын қиып, одан әрі саябақты аралап, танысты. Саябақтың ашылуына орай тігілген киіз үйлерде қонақтарға арналып дастархан жайылды. Жаңадан ашылған саябақ тұрғындардың көңілінен шығып, өз кезегінде қариялар ел ағаларына ақ баталарын берді.

Келушілерді зор қуанышқа бөлеген саябақ шындығында ғажап, саябаққа әр берген «Саябақтың жүрегі» болып саналатын монументтің биіктігі 18,5 м, ал салмағы 40 тн-ға жуық, монументтің металлоконструкциясы мәрмәр таспен, ал монументтің тұрған жерінің айналасы гранит таспен қапталған. Монументтің айналасына бес жерге екі бетіне де нақыл сөз жазылған гранит тастар қойылған. Сонымен қатар, саябақтың ішіне асфальт жолдар салынып, алаңды безендіру, көгалдандыру жұмыстары жүргізілген. Атап айтсақ, аумағы 10 гектарды құрайтын саябақ толығымен қоршалып, 1,7 га жеріне көк шөп  (газон) егіліп, суландыру жүйесі орнатылған, 700 түп емен, 370 түп қарағай, 400 түп арша, 700 түп әр түрлі ағаш түрлері отырғызылған. Келген демалушыларға жайлылық жасау мақсатында автотұрақ пен орындықтар, қоқыс жәшіктері және жарықшамдар орнатылған.

Ақжарда жолдар жөнделуде
Дербісекке ауыз су келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу