Бағыста жаңа мектептің іргетасы қалануда

Oinet.kz 08-06-2022 258

Screenshot_1.png

  «Орта білім беру жүйесіндегі өткір проблеманың бірі – мектептердегі орын тапшылығы. 225 мың оқушыға орын жетіспейді. Шұғыл шара қабылдамасақ, 2025  жылға қарай орын тапшылығы 1 миллионға жетеді. Мен 2025 жылға дейін кемінде 800 мектеп салу туралы тапсырма берген болатынмын. Бүгін оның санын бір мыңға жеткізуді міндеттеймін», деген  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы 2025 жылға дейін 1000 мектеп салу туралы тапсырма берген болатын.

Халық тығыз орналасқан Сарыағаш ауданында Мемлекет басшысының тапсырмасына сай мектеп тапшылығы проблемасы оңынан шешіліп келеді. Ауданда қазіргі таңда бірқатар білім ошақтарының құрылысы жүруде. Соның бірі Бағыс елді мекенінде жаңадан салынып жатқан 300 орындық мектеп. 

Жақында аудан әкімі М.Отаршиев аьалмыш мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты. Бүгінгі таңда елді мекендегі қолданыстағы №23 Ғ.Мұратбаев мектебінің қосымша ғимараты апаттық жағдайда, ал негізгі ғимаратының сыйымдылығы төмен болуына байланысты жаңа мектептің құрылыс жұмыстары «А.S. InvestStroi» ЖШС-нің құрылысшылары тарапынан жүргізілуде.

Іргетасы қаланып жатқан білім ошағын аралап көрген аудан басшысы мердігер мекемеге жұмысты кестеге сай жүргізіп, сапаға аса мән беру қажеттігін ескертті. Мердігер мекеме басшысы құрылыс монтаж жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқанын және құрылысты қаржыландыру бойынша кедергілер жоқ екендігін жеткізді. 

«Мемлекет қаржысына салынып жатқандықтан құрылыс жабдықтарына барынша сапалы отандық өнімдерді пайдаланған абзал. Құрылыс кестеге сай жүргізіліп жатқаны көз қуантады. Аудан тарапынан қандай көмек қажет біз қолұшын беруге әзірміз»,–деді М.Отаршиев. Аталған мектептің құрылыс қарқыны дәл осылай жалғасса жыл соңына дейін ел игілігіне берілетін болады. Ғимараттың жалпы ауданы 3121,39 шаршы метрді құрайды. Мұнда асхана, кітапхана, думан және денешынықтыру залдары орналасқан. 

«Кәріз сорғыш станциясы» жаңарады
Ақжарда жолдар жөнделуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу