«Кәріз сорғыш станциясы» жаңарады

Oinet.kz 08-06-2022 285

Screenshot_19.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Жолдауында бес жыл ішінде халықты 100 пайыз таза ауыз су және кәріз жүйесімен  қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Бұл «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында іске асырылуы тиіс. 

Осы орайда Кентау қаласындағы өзекті мәселенің бірі кәріз жүйесінің жай күйі болатын. Бүгінде тозығы жеткен станция құрылыс жұмысын қажет етеді. Енді, "Кәріз сорғыш станциясын" жаңарту жұмысымен Голландиялық инвесторлар айналысатын болады. Компания өкілі Александр Пилкинроф қала әкімі Рашид Аюповтың қабылдауында болды.

"Кәріз сорғыш станциясының" жұмысын жүргізу бойынша екі жақты келісім меморандумы түзілді. Дәл қәзіргі таңда жобалау жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын осы жылдың соңына қарай бастау алады. Толықтай жұмысты 2023 жылдың соңына аяқтау жоспарланды.

Аталмыш инвестор соңғы заманауи құрылғыларды қолдана отырып, жаңа "Кәріз сорғыш станциясын" салатын болады.

Айта кетейік, осы сәтке дейін қала әкімі Рашид Абатұлы тұрғвндардың  "Кәріз сорғыш станциясының" жұмыс барысын аралап, шешімді қажет ететін мәселелерді бақылаған болатын. Жалпы, Кентау қаласының 62,3 пайызы кәріз жүйесіне қосылған.

Кентаулықтар «Бақытты Отбасы» жобасымен баспаналы бола алады
Бағыста жаңа мектептің іргетасы қалануда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу