Кентаулықтар «Бақытты Отбасы» жобасымен баспаналы бола алады

Oinet.kz 08-06-2022 271

 Screenshot_18.png

Қазіргі  уақытта   қала   бойынша  4857  тұрғын  үй  кезегінде  тұрады.  Кентау қаласындағы  алдағы уақытта  салынатын  тұрғын  үйлер,  2020-2025  жылдарға  арналған  «Нұрлы-жер»  мемлекеттік  бағдарламасымен  облигациалар  шығару есебінен  қаржыландыратын  кредиттік  тұрғын үй  жобалары бойынша  жүзеге  асырылу   жолдары   қарастырылуда.

Бүгінде  мемлекеттік  бағдарламалар  аясында жеңілдетілген  ипотеканың  басым  бөлігі  «Бақытты Отбасы» банк арқылы  беріледі. Алдағы  уақытта әкімдіктердің баспана  кезегі  де  осы  банкке  ауыстырылады. Тұрғын  үй  саласындағы  қолдау шаралары толығымен  нарықтық  жүйеге  көшеде.   

Ендігі  кезекте Кентау  қаласында   салынатын  тұрғын  үйлер  «Бақытты Отбасы» банк салымшыларымен, тұрғын  үй  кезегінде   тұрған  азаматтардың  арасында  үлестірілетін  болады. Алдымен  кезекте  тұрған  азаматтар  депозит  ашуы қажет.  Яғни «Бақытты Отбасы»  банкте  салымшы  ретінде  тіркелуі  керек. Ең бастысы салымшының  атында  міндетті түрде   баспана болмауы  керек.

Қазіргі  уақытқа  дейін  Кентау  қаласы  бойынша  «Бақытты Отбасы»    базасында   1384 адамды  салымшылары  бар.

 Тұрғын  үйлердің   құрылыстары  толығымен  аяқталып,  мемлекеттік  актісімен  қабылданғаннан  кейін «Бақытты Отбасы» банк  тұрғын  үй  кезегінде  тұрған  салымшылары  арасында  банк  талаптарына  сәйкес  пәтерлерді  сату  жүзеге  асырылады. 

Айта кетейік, Кентау   қаласында  «Нұрлы-жер»   бағдарламасы    аясында  2019-2021  жылдар   аралығында  15-дана  5-қабатты 60-пәтерлі   тұрғын   үйдің  құрылыстары  жоспарланған. 2020 жылы 10-дана  тұрғын  үйдің  құрылысы  аяқталып  тапсырысқа  берілген.  Қалған  5 пәтердің   құрылысына  мердігері  анықталып,  2020  жылы  құрылыс   жұмыстары    басталған.   


Әкім мен халық арасында ашықтық қалыптасуда
«Кәріз сорғыш станциясы» жаңарады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу