Әкім мен халық арасында ашықтық қалыптасуда

Oinet.kz 08-06-2022 272

Screenshot_17.png

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тауып отыр.

Президенттің тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Түркістан облысында жергілікті атқарушы органдарды халық үшін қолжетімді ете түсу жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатыр. Кентау қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес Telegram әлеуметтік желісінде ашылған https//t.me/Rashid_Ayupov арнасында аппараттық жиындарда есеп берген бөлімдердің баяндамалары таратылуда. Жол және көпқабатты үйлерді жөндеу жұмыстары бойынша толыққанды ақпарат ұсынылған. Өзгеріс енген бойда жаңартылып, салынатын құжат ішінде атқарушы мердігер мекеме, басшысы және байланыс нөмірі, жұмыс атқарылуы тиіс және кепілдік мерзімі, жұмысқа қарастырылған қаражат мөлшері және жауапты мекеме, бөлім жайлы ақпарат көрсетілген. 

– Ел игілігіне атқарылып жатқан жұмыстар барысын барынша ашық көрсете білу, құжаттарды халық тікелей жүктеп, бақылай алуына мүмкіндік беру аса маңызды. Тұрғындар әр жұмыстың орындалу уақытын және нақты кім атқарып жатқанынан хабардар болған жағдайда мемлекеттік мекемелерге деген сенімі арта түседі. Халық жұмыстың тиянақты болуын бақылап, тікелей кімге хабарласа алатынын, ұсыныстары болған жағдайда кіммен талқылай алатынын білуге құқылы. Ел қаражатына атқарылған жұмыстар біткенде тұрғындар да нақты кімнің еңбегі екенін біле жүреді, –  деген Рашид Аюпов ашықтық деңгейін қазіргіден де арттыру жолдары қарастырылатынын айтты. 

Естеріңізге сала кетейік, екі ай бұрын қала әкімдігінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшасы арқылы әр бөлім және мекеме қызметкерлерін таныстыру басталған. Бұдан бөлек, бөлім және мекемелерге ресми парақшалар ашып, халықты ақпараттандыру және кері байланыс орнату тапсырылды. Әкім орынбасарлары және өзге де қызметкерлердің бекітілген кестеге сәйкес тікелей эфирге шығып, тұрғындардың сауалдарына жауап беруі үйреншікті іске айналды.

Ащысайлықтар ауыз судан тарықпайды
Кентаулықтар «Бақытты Отбасы» жобасымен баспаналы бола алады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу