Ащысайлықтар ауыз судан тарықпайды

Oinet.kz 09-06-2022 370

Screenshot_16.png

Кентау қаласының әкімі Рашид Аюпов бүгін Ащысай ауылының тұрғындарымен кездесті. Алдымен, ауыл тұрғындары үшін өзекті мәселе ауыз су бойынша атқарылатын жұмыстардың барысын бақылады. Қала басшысының халық алдында есеп беру кездесуінде шешімін тапқан, Ащысай ауылын тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз ету үшін, құны 68,238 млн. теңге болатын сметалық құжаттамалары дайындалып, қаржы қарастырылды. 

Осы аталған құжат бойынша Кеңсай бұлағынан елді мекенге дейін 200 мм-лік 4,5 шақырым темір құбыр тартылатын болады. Сонымен қатар, Кеңсай бұлағынан су жинағыш құрылысын жүргізу көзделеген. Ағымдағы жылдың күз айына дейін Ащысай ауылы толыққанды ауыз сумен қамтылады.

Сонымен қатар, ауылда қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің бөлімшесі халық санының сәйкес келмеуіне байланысты өз жұмысын тоқтатқан болатын. Алайда тұрғындардың өтінішімен төтенше жағдай қызметі қайта жұмысын бастады.

Ащысайдың табиғатының қолайлығына байланысты санаторлы демалыс аймағын ашу жоспарланған. Бүгінгі таңда, инвесторлармен келіссөздер жүріп жатқанын қала әкімі тұрғындармен кездесу барысында атап өтті. Биыл ауылда мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында балалар ойын алаңшасын салу жүзеге асырылады. Қосымша спорт секторларын жүргізетін маман беріледі. Ауыл жастарында спортқа деген қызығушылық артқан.

Кездесу барысында қала басшысы ауыл тұрғындары тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, әр айда кезлесу болатынын хабардар етті. Ашық аспан астында өткен кездесу әр ай сайын өткізерде шешімін тапқан мәселер және жүзеге асырылатын жобалар тұрғындар алдында баяндалатын болады.

Ауыл тұрғындары ауыз су мәселесі өз шешімін табылып жатқанына ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді.

Халықаралық мектеп салынады
Әкім мен халық арасында ашықтық қалыптасуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу