Отырарда өзгеріс көп
Түркістан қаласы облыс орталығы мәртебесіне ие болғаннан кейін шаһардың аумағы кейңеіп, жаңа заманауи ауудандар құрыла бастады. Солардың бірі "Отырар" мөлтек ауданында көз қуантарлық жаңашылдықтар көп. Қазірті таңда "Отырар" мөлтек ауданында 5 қабатты 36 тұрғын үйде халық толығымен қоныстанған. Жалпы 36 үйде 8 аулаішілік абаттандыру бар екенін ескере отырып, сол аулаларға жөндеу жұмыстарының құрылысы басталған. Жобаға сәйкес жаңадан көлік жолдары, аяқжолдар, сыртқы жарықтандыру, орындықтар, ағаштар мен газондар, түнгі жарықтандыру жүргізіледі. Құрылыстың аяқталуы 2022 жылдың соңы дейді салаға жауаптылар.
Сонымен қатар аудан тұрғындары үшін демалатын орындар мен жасыл желектерді көбейту мақсатында «Яссы» көшесі бойынан 2,34 га аумақта гүлзар құрылысы басталды. Аталған нысанда үлкен субұрқақ, демалыс орындары, спорт алаңшалары, балалар алаңшалары,аяқжолдар, веложолдар, жүгіру жолақтары мен жасыл желектер қарастырылған. Қазіргі таңда мердігер тарапынан жер жұмыстары жүргізіліп, бордюр орнату мен төсемелер төсеу, инженерлік желілерді тарту жұмыстары аяқталған.
Сондай-ақ, Яссы көшесінің «Арман» тұрғын үй кешені жақ бетінен 2,98 га аумақта желілік саябақ құрылысы басталды дейді мамандар. Аталған саябақта су жүретін канал, аяқжолдар, кірмежолдар, жүгіруге арналған жолдар, жаттығу арналған алаңшалар мен спорт алаңшалары салынады. Нысанды жыл соңына дейін аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған.
Тағы да айта кетерлігі аудандағы 34 шақырымды құрайтын 26 көшеге жарықшамдар орнатылып, іске қосылған. Алдағы уақытта мұндағы 5,7 шақырымды құрайтын 6 көшенің жолдары орташа жөндеуден өтпек. Сонымен қатар, 3,4 шақырымды құрайтын 3 көшеде жаяу жүргіншілерге арналған жол(тротуар) төселсе, 4 шақырымды құрайтын Т.Айменов және А.Рысбеков көшелеріне шағал тас және қиыршық тас төселген.
Қазіргі таңда, қаланың климатына оң әсер ету мақсатында "Отырар" тұрғын алабында Саттарханов пен Майкотов көшелерінің арасындағы жасыл желекті суарудың гидрантты жүйесін орнату бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде.