Түркістанда 2025 жылға дейін 7 медициналық нысан салынады

Oinet.kz 09-06-2022 345

Screenshot_14.png

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков "Бекзат" секторынының тұрғындарымен кездесіп, алдағы  атқарылар жұмыстармен бөлісті.

«Бекзат» секторында ақпан және наурыз айларында тұрғындармен кездесу барысында 59 мәселе көтерілді. Олардың 53 нақты орындалса, 6 мәселе тиісті бөлімдермен заң аясында орындалуы зерделенуде.

Нақтырақ айтқанда 61,3 шақырымды құрайтын 40 көшеге жарықтандыру жүйесі жүргізіліп, көше жарықшамдары кезең-кезеңімен электр көзіне қосылуда.

Сонымен қатар шаһар басшысы биыл Самал көшесі орташа жөндеуден өтетінін айтты. Ал Жаров, Қазақбаев, Жәңгір хан көшелеріне жаяу жүргіншілерге арналған жол жүргізу жоспарланған көрінеді. Қазіргі уақытта Жәңгір хан көшесі аяқжолмен қамтылып, қалған 2 көшеде құрылыс жұмыстары жалғасуда. 3,8 шқ құрайтын 4 көшеге тас төселген.

 "Бекзат" аумағындағы тұрғын үйлерді сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету құрылыс жұмыстары 2022-2024 жылдарға жоспарланған.

Сонымен қатар  Жангелдин көшесі аумағын электрмен қамтамасыз ету жобасы аяқталды дейді сала мамандары. Енді кезекте абоненттерді қосу жүргізілуде.

 Кездесу барысында тұрғындардың көтерген аурухана салу бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында облысымызда 10 денсаулық сақтау нысаны құрылысы қарастырылған, оның ішінде 7-і Түркістанда салынатыны айтылды. 

Кездесу барысында көтерілген мәселелер алдағы уақытта жоспарға енгізіліп, тиісті шаралар қабылданатыны келісілді.

Отырарда өзгеріс көп
Халықаралық мектеп салынады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу