Созақта өнеркәсіп саласында ілгерілушілік бар

Oinet.kz 07-06-2022 468

Screenshot_6.png

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Палаталарының бірлескен отырысында «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында жаңа заман талаптарына сәйкес экономикалық даму, өнеркәсіп әлеуетін күшейту, ауылшаруашылығы саласын, көлік-логистика кешенін, шағын және орта бизнесті, қаржы секторын, өңірлік даму және қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын арттыру секілді бірқатар бастамалар көтерген болатын. Жолдауда Президент «Ұлттық экономиканың стратегиялық қуатын арттыру үшін тез арада қайта өңдеу ісінің жаңа салаларын дамыту қажет" деп нақты тапсырма берген еді. 

Осы орайда Созақ ауданында өнеркәсіп саласына айрықша көңіл бөлініп келеді. Еселі еңбектің нәтижесінде теріскейде ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер байқалады. Мәселен Созақ ауданында өткен жылдың қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнім көлемі 453 млрд 824 млн теңгені құраған. Аталған көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 135 млрд теңгеге артқан. 

Сала мамандарының мәліметінше жалпы өңірлік өнімнің 92,5%-ы — өнеркәсіп саласына тиесілі. Оның ішінде, тау-кен өндіру өнеркәсібінің өнім көлемі 329 млрд 367 млн теңгені құраса, өңдеу өнеркәсібінің өнімі 85 млрд 32 млн теңге. Сонымен қатар, аудан экономикасына 52,8 млрд теңге инвестиция тартылған.

Сондай-ақ, инвестицияның 87%-ы — өнеркәсіп саласына, 12 млрд теңгесі - ғимараттарды салу мен жөндеуге, 13 млрд теңгесі - көлік құралдарын сатып алу мен жөндеуге жұмсалған. Аудан аумағында былтыр 405 жаңа кәсіпкерлік субъектісі ашылды. «Ырыс» МКҰ арқылы аймақтағы 25 жоба 90 млн теңге қаржы алған. Осылайша мемлекеттік қолдаудың арқасында ауданда кәсіпкерлік саласы өркендеп келеді.

Құлпынай өсіруге бейімделген аудан
Өнеркәсіп саласында оңды істер көп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу