Вокалистер бақ сынады
Шымкентте Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Вокал академиясы» Республикалық қоғамдық бірлестігі жанындағы Жастар қанатының Шымкент қалалық бөлімінің ұйымдастыруымен Шымкент қалалық Саз колледжінде вокалистер конкурсы өтті.
Мұндай байқау Шымкент қаласында алғаш рет өткізілгендіктен, Шымқаламен қатар Түркістан облысы мен Қызылорда облыстарынан 40 үміткер қатысты. Қатысушылардың арасында қалалық, облыстық, Республикалық және Халықаралық байқаулардың жеңімпаздары бар.
Қазылар алқасына ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры Азамат Желтыргузов төрағалық етті.
Қазылар алқасының құрамында ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Шымкент қалалық Опера және балет театрының директоры Мухамедкызы Майра, Ресей және Белоруссияның Үлкен театрларының солисті, Халықаралық конкурстардың лауреаты Екатерина Головлева Kate Golovleva, ҚР мәдениет саласының үздігі, «Вокал академиясы» РҚБ жауапты хатшысы Ляйля Сеитова және Халықаралық конкурстардың лауреаты, Шымкент қалалық опера және балет театрының солисті, Шымкент қалалық Саз колледжінің оқытушысы Жұмабек Қаңтарбаев болды. Байқауға қатысушы үміткерлер жақсы дайындықпен келгендерін байқатты және өте тартысты өтті.
«Бұл байқау арқылы тағыда жарып шығар талантар елімізде жететініне көз жеткіздік...» - деді ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Шымкент қалалық опера және балет театрының директоры Майра Мухамедқызы.
Байқау аяқталғаннан кейін, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Азамат Желтыргозов ұстаздар, студенттер және оқушыларға арнап шеберлік сыныптарын өткізді.