Кіші сәулеттік мүсіндер орнатылып жатыр

Oinet.kz 02-11-2021 876

Screenshot_7.png

Бүгінде Шымкентте қаланы көріктендіру және абаттандыру және туристерді тарту бойынша кіші сәулет нысандары орнатылуда. Қала әкімі Мұрат Әйтенов  Абай ауданында «ЛТД-тұрмыс» ЖШС алаңында орнатылған заманауи кіші сәулеттік мүсіндерді аралап көрді.

Бұл жұмыстарға жауапты – «Архиформа эксперт» ЖШС. Мекеме «АрхиТАС» бренді аясында мәрмәр тастардан заманауи кіші сәулеттік пішіндер жасайды. Негізінен, кіші сәулеттік пішіндер (МАФ), мәрмәр тастардан жасалған орындықтар, қоқыс жәшіктері, гүлге арналған үлкен құмыралар (вазон), вело тұрақтар, қозғалыс кедергілері және тағы басқалар.

Мекеме өнімдері отандық өндіріс бойынша, заманауи және антивандалық үлгіде жасалуымен ерекшеленеді. Сондай-ақ сәулеттік мүсіндерден қазақтың ою-өрнегін байқауға болады. Ұлттық нақыштардың заманауи мүсіндерде безерленуі қала қонақтары мен тұрғындардың көңілінен шығатыны анық. 

Сонымен қатар, аталған мекеме парктер мен скверлер,  қоғамдық және әкімшілік ғимараттардың алаңдары тұрғындарға мейлінше қолайлы болуы үшін тиісті абаттандыру жұмыстарын жүргізуде. 


«Қыз Жібек» операсының премьерасы өтті
Вокалистер бақ сынады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу