Мемлекеттік қызмет көрсетудің талаптары талқыланды

Oinet.kz 25-10-2021 556

3.jpg

Сарыағаш аудан әкімінің орынбасары Н.Талиповтың төрағалық етуімен аудандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Аталған жиынға ауданның жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшылары мен қызметті көрсету барысында келісім беруші мекемелер ретінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ОҚӨФ Сарыағаш ГШ, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің Сарыағаш АЭЖ, «Сарыағаш топтық су жүйесі» өндірістік бөлімшесі, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облыстық филиалы Сарыағаш аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімі, Сарыағаш аудандық ЖТЦ басшылары қатысты.

Күн тәртібінде жер қатынастары саласындағы «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша мерзімі кешіктірілген бірқатар өтініштер қаралып, кемшіліктердің орын алу себептері мен оны алдағы уақытта болдырмау жолдары талқыланды. Сондай-ақ, келісім беруші мекемелер тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылып, шешілу жолдары қарастырылды.

Жиын қорытындысымен аудан әкімінің орынбасары Н.Талипов дербес бөлім басшыларына және келісім беруші мекеме басшыларына мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша келіп түскен өтініштерді қарау барысында мемлекеттік қызмет көрсету қағидасының талаптары қатаң түрде сақталуы қажеттігін айтты.


Сарыағашта мал ұрлығын алдын алуға қатысты рейд жүргізілді
Міндет-қызмет көрсету сапасын жетілдіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу