Сарыағашта мал ұрлығын алдын алуға қатысты рейд жүргізілді

Oinet.kz 25-10-2021 527

2.jpg

Төрт түлік ауылдағы халықтың негізгі күнкөрісі. Алайда бүгінде мал ұрлығының тыйылмай отырғаны да жасырын емес. Осыған байланысты тәртіп сақшылары мал ұрлығын ашу ғана емес, сонымен бірге оның алдын алу жұмыстарын да жүргізуде.

Түркістан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен мал ұрлығын алдын алу мақсатында жоспарға сәйкес профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде. Тәртіп сақшыларының күнделікті атқарып отырған жұмыстарының нәтижесінде жалпы үй жануарларын таситын 34 автокөлік тоқтатылып, тексеру жұмыстары жүргізілген. Оның ішінде 6 жүк көлігінің жүргізушісі ірі қара және уақ малдарын ешбір құжатсыз тасымалдап жатқаны анықталған. Мысалы, «Газель» маркалы жүк көлігі 6 бас қойды сату мақсатында мал базарға заңсыз тасымалдаса, ал «Мерседес Бенс» маркалы жүк көлігі 20 бас қойды тасымалдаған. 

Полиция қызметкерлері аталған көлік иелеріне қатысты ӘҚБтК 406-бабы, яғни «Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу» бойынша хаттама түзді. Сонымен қатар жинақталған іс-құжаттарды заңды шешім қабылдау мақсатында тиісті орынға жолдады. 

Сарыағаш ауданының полицейлері мұндай рейдтік іс-шаралар жиі өткізіліп тұратындығы туралы хабарлайды. Сондай-ақ мал ұстаушы аудан тұрғындарына келеңсіз жағдайлар орын алмас үшін, өз жеке меншік малдарының қараусыз немесе бақташысыз жүрмеуін қадағалауды және ветеринарлық құжат рәсімдеп, түгел таңбалап сырғалау жұмыстарын жүргізу керектігін ескертеді.


Халықтың талап-тілегі ескерусіз қалмайды
Мемлекеттік қызмет көрсетудің талаптары талқыланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу