Дәмді және арзан
Шымкент гастрономиялық әсер іздеген жандар үшін тамаша орын деп айтуға болады. Жергілікті тұрғындар тағамдарды дайындау мен ұсынудың жөн жобасын біледі, ал мекемелер өзіне «дәмді және арзан» деген визит карточкасын бекітті.
Еліміздің оңтүстік мегаполисі ежелден бері алуан түрлі және керемет дәмді тағамдарымен танымал. Орта Азияның ең үздік тамақ үлгілерін жинай отырып, тамырымен көне дәстүрлерге кетеді.
Дәстүрлі шығыс тағамдарынан басқа, Шымкент қонақтарын түрік, грузин, қытай, жапон, итальян, кәріс сияқты түрлі елдердің гастрономиялық хиттерімен қарсы алады.
Мұндай алуантүрлілік тіпті тіс қаққан тағам талғағышты да жайына қалдырмайды, ал бағалар айтарлықтай таңдандырады.
Шымқалаға келген туристер мұнда тағамдардың тіл үйірер әрі қолжетімді бағада екенін айтып, шаһардың гасторномиясына жоғары баға беруде. Әсіресе Шымкент ұлттық тағамдарды әзірлейтін ресторандар және шығыс дәмділерін даярлайтын орындар мен тәтті тандыр самсасымен танымал.
Туристерді шуақты шымқалаға тартып тұратын жайлы климат, қонақжай адамдарымен қатар тәтті тағамдары. Сондықтан мамандар алдағы уақытта гастрономиялық туризмді дамытуға күш салуда.